{metadescription}
0:000:00
Арыз жазамын! Кәсіпкерден бетперде заңсыз тәркіленген

Арыз жазамын! Кәсіпкерден бетперде заңсыз тәркіленген

Елордалық кәсіпкер заңсыздықтың құрбаны болды. Полицейлер оның интернетте сәтті сатылған 22 мың медициналық бетпердесін тәркілеген. Бастапқыда тәртіп сақшылары ер адамның заңсыз сауда жасайтынына сенімді болған. Алайда бірнеше тексерістен кейін қорғаныс заттары кәсіпкерге кейін қайтарылды.

Төрт қорап толы медициналық бетперделерді полицейлер екі күн бұрын Тимур Ақбаевтан тәркілеген. Екі жылдай әйелімен ателье ісін жүргізетін ол карантин енгізілгеннен кейін шеберхана жұмысын тоқтатқан. Бірақ медициналық бетперделерге деген сұраныстың артқанын байқап, үйінде отырып, бетперде тігуді бастайды. Біреуінің құны 125 теңге. Ал барлық дайын тауарды кәсіпкер өз көлігінде сақтаған. Полицейлер заттарды тәркілеген күні 22 мың бетперде болыпты. Тәртіп сақшылары олардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға «лицензиясы жоқ» деп, барлық тауарды алып кеткен. Кейін елордалық азаматтың жеке кәсіпкер екені, бетперде тігіп-сатуға құқы бары анықталыпты. Полицейлер заңсыз тартып алған тауардың бәрін иесіне қайтарды.

Тимур Ақбаев, кәсіпкер:

- Қазақта айтқандай, бұлар «шаш ал десе, бас алады». Орынға келгенде заңды біліп келу керек, ал олар заңды білмейді, мені қамап тастады. Заттарымды алып алды. Сосын ғана барып заңды оқыды. Міндетті түрде арыз жазамын. Ұласов Әкімге, учаскелік полицейге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде