{metadescription}
0:000:00
Тегін азық таратпақ болғандар полицияның тергеуіне түсті

Тегін азық таратпақ болғандар полицияның тергеуіне түсті

Жақсыға жақсылық жасамақ болған. Ақмола облысындағы Жақсы кентінің 100-ден аса отбасына тегін азық-түлік таратқысы келген азаматтардың басы бәлеге қала жаздады. Аудан басшылары «карантин кезінде ауру таратып жүрсіңдер» деп, еріктілерді еріксіз полицияға жөнелткен.

Әнуар Хамит, кәсіпкер:

- Елордадан «Нұр Отан» партиясы штабынан рұқсат алып, Жақсы кентіне келдім. Жергілікті партия бөлімшесінен  көмек қажет тұрғындарлың тізімін де алдым. Мен барлық сақтық шарасын жасап келдім. Бірақ әкімдік өзімді тексеріп әуреге салып, азық-түлікті таратқызбай қойды.

Елордадан қажетті рұқсат қағазды рәсімдеп, 400 шақырым жердегі Жақсы кентіне кедергісіз жеткен олар шенеуніктердің бұл әрекетін түсінбей әлек. «Біз біргеміз» республикалық акциясына қатысушылар сұрақтың астында қалып, полицияның тергеуіне түстік дейді. Олар тек аудан орталығында ғана емес, ауыл-ауылдарға дейін жетіп, әлеуметтік көмек беруге әзір болыпты. Бірақ белсенділер бұл ниетін жүзеге асыра алмай, кейін қайтқан. Ал аудан басшылары: «Артық әрекет еткен жоқпыз», - дейді.

Рүстем Рамазанов, Жақсы ауданы әкімінің орынбасары:

- Ешкім оларды қуған жоқ. Елордадан, карантиндік аумақтан шыққандықтан біз оны тексеруіміз керек. Өйткені ол науқас адаммен байланыста болуы мүмкін. Еріктілердің азық-түлік пакеттерін партия бөлімшесіне тапсырып кетуін сұрадық. Ал олар өзі таратқысы келді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде