{metadescription}
«Күнделік.kz» сыр берді! Әлеуметтік желіні неге пайдаланбайды?
«Күнделік.kz» сыр берді! Әлеуметтік желіні неге пайдаланбайды?

«Күнделік.kz» сыр берді! Әлеуметтік желіні неге пайдаланбайды?

Әлеуметтік желіні неге пайдаланбайды? «Электронды күнделіктің» қиыншылығына төзбеген ата-аналар министрліктен осыны сұрайды. Себебі, интернет жылдамдығының баяулығы немесе сол интернетті қарауға жарамды смартфонның жоқтығы, электронды жүйеге тіркелудің әуресі сынды толып жатқан бас қатырғыш кедергілер ата-аналардың әбден зығырын қайнатып біткен. Екінші жағынан миллиондаған оқушы бір сәтте кіргендіктен, «электронды күнделік» те ауыртпалықты көтере алмай, жағдайды қиындатып отыр.

Бүгін елімізде 3 миллион 200 мың оқушы төртінші тоқсанды бастады. Жыл бойы мектепке сабылып үйреніп қалған оқушылар енді үйінде отырып оқуға көшті. Тек сонысы оңай болмай жатыр. Мәселен, бізбен  байланысқа шыққан ата-ана екінші сыныпта оқитын қызының үш сабағын таңғы сегіз жарымнан түс қайта сағат 4-те әрең бітірген.

Салтанат Тәжиева, ата-ана:

- Бізде интернет көтермейді. Көп жүктелгенннен ешқандай қарым-қатынас апаймен жасалынбайды. Өйткені қатып-қатып қалады. Біз сабақты неге ұзақ орындадық? Өйткені бізде интернеттің күші жетпейді. Біздің екі қызға бір смартфон аздық етеді. Мен сияқты екі бала емес, төрт бала, бес баласы да мектепте оқитындар бар. Сондықтан олар өте қатты қиналып жатыр.

Ата-аналардың бұлай қиналатын жөні бар. Себебі, «Күнделік.kz» жобасы жетекшілері жариялаған дерекке қарасақ, бүгін таңғы 8-ден бастап түскі 1-ге дейін миллионға жуық қолданушы 30 миллионнан астам рет кіріп-шыққан. Минутына 85 мың адам кіріп-шыққан сәті де болыпты. Бұндай операцияға дайын болмаған электронды құрал ауыртпалықты көтере алмай, қапелімде сыр берген. Ал бұған кім кінәлі? Мамандар құрастырушыларды айыптайды.

Арман Әбдірасылов, Кибершабуылға қарсы зерттеу және сараптау орталығының директоры:

- Бұл таза осындай жағдайға дайын болмаған құрастырушылардың қателігі. Енді сайтқа кіре алмағандарды кезекке қою мүмкіндігін қарастырып жатыр. Сайттың ауқымын кеңейтіп, одан да көп адам кіре алатындай жасауға болар еді. Бірақ оған біраз уақыт керек. Сондықтан қазір сайтқа кіре алмағандарды тек осы кезекке қоюға ғана болады.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметтеріне қарасақ, бүгіндікке екі миллионнан екі жүз мың оқушы осы «электронды күнделікке» кірген. Жалпы атқарылған сессия саны 32 миллион. Бұл рекордтық көрсеткіш. Осындай қысылтаяң шақ туғанда министр баршаға тек сабыр тілейді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Өздеріңіз білесіздер, жуырда «e-gov» платформасында 15 миллион болып, ол өте көп дегенбіз. Енді бүгін төртінші тоқсан басталғанда тек қана 32 миллион бір ғана интернет платформамызда осындай үлкен жұмыс жүргізілді. Әрине, техникалық ақау болды. Оны біз тура айтуымыз керек.  

Әзірге ата-аналар жағы қашықтықтан оқытуға әлі де дағдылана алмай жатқанын айтып, шағымданып жатса, министрлік жағы жүйеде бірлі-жарым қиындық болғанын, алайда, қазір оны жөнге келтіргенін айтып отыр. Жағдайдың шын мәнінде қаншалықты оңалғанын алдағы күндері белгілі болады. Алайда ата-аналар білім алуды бұлайша қиындатпай, әлеуметтік желіге көшуді сұрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде