{metadescription}
Коронавирус қай аймақта өршіп тұр?
Коронавирус қай аймақта өршіп тұр?

Коронавирус қай аймақта өршіп тұр?

Елімізде коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны бірден 120-ға жетті. Кеселмен күресіп, нағыз қауіп өтінде жүрген 1 дәрігердің жағдайы ауыр. Жалпы, жұқпалы дертке соңғы мәлімет бойынша 629 адам шалдыққан. Індет еліміздің қай аймақтарында өршіп тұр? Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал.

Алты құрлыққа ауыз салған ауру Қазақстанда күннен күнге өршіп барады. Өйткені коронавирусқа қатысты соңғы көрсеткіш көңіл көншітпейді.

Қазақстанның 14 облысы пен ірі қалаларында қауіпті вирусты 629 адам жұқтырған. Сүреңсіз статистиканы 216 науқаспен елорда бастаса, Алматыда 116 адам аурумен күресіп жатыр. Ал Қарағанды облысында бір тәулікте вирусты бірден 16 адам жұқтырыпты. Олардың барлығы коронавирустан көз жұмған марқұммен тығыз байланыста болғандар.

Қызылорда, Атырау, Жамбыл және Түркістан облыстарында да аты жаман ауруға шалдыққандар көбеюде. Еліміздің бас санитары кеселмен күресіп, басын бәйгеге тіккен дәрігерлердің денсаулығына алаңдаулы. Оған себеп те бар.

Айжан Есмағамбетова:

- Бүгінде коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 120-ға жетті. Бір дәрігердің жағдайы өте ауыр. Барлық өңірде 17 мың адам карантинде жатыр. Ауруға шалдыққандардың 85 пайызының жағдайы жеңіл, 11 пайызы орташа. Қалғаны ауыр. Бір қуантарлығы, елімізге ағзада вирустың бар-жоғын анықтайтын 96 мың экспресс-тест әкелінді. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында күніне 500 адамды сынақтан өткізу жоспарда бар.

Шетелде қалып қойған отандастарымыз елге әлі оралып жатыр. Мәселен, өткен аптада Үндістан астанасы Делиден Әулие-ата әуежайына 106 жолауашы келген еді. Олардың барлығы оқшауланды. Өйткені араларында вирус жұқтырғандары да бар.

Марат Жұманқұлов, Жамбыл облыстық әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Жамбыл облысында 17 жаңа коронавирус індетіне шалдыққан азаматтар анықталып отыр. 10 азаматы шекара бекетінде карантинге жатқызылып, анализ алынып, оң нәтиже алып отыр. Төрт оқиға Дели-Тараз ұшағынан келген азаматтар.

Дүниежүзіне таралған індеттен елімізде алты адам көз жұмды. Ауруханада жатқан 16 науқастың жағдайы өте ауыр. Жұқпалы дерт балаларға да жабысуда. Вирус жұқтырған жасөспірімдердің саны 45-ке жеткен.

СОVID-19-ға душар болған 122 адам сырт елден келсе, 351-і сол науқастармен аралас-құралас болғандар. Ал қалғандары сақтық шараларына бей-жай қараған жергілікті тұрғындар екен.

Коронавирустан жан тапсырған алтыншы адам Шымкентте тіркелген еді. 56 жастағы марқұм жүк көлігінің жүргізушісі. Мақтарал ауданының тұрғыны Ресейден Алматыға жол жүрген. Оның жанында боған ұлы қазір карантинде.

Бүгін Маңғыстау облысында екі Өзбекстан азаматшасынан вирус анықталды. Қазір олар тұрған үйдің подьезі толық қоршауға алынып, байланыста болғандары тексерілуде. 

Бас санитар-дәрігер Айжан Есмағамбетова жұртты ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырады. Сондықтан барлығымыз мынандай бетперде тағып, қарапайым сақтық ережелерін орындап жүрейік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде