Карантин: Массаж салонында екі қыз интимдік қызмет көрсеткен
Карантинде клиент қабылдаған. Көкшетаудағы массаж салондарының бірінде 20 және 23 жастағы екі қыз интимдік қызмет көрсетіпті. Олардың бірі – елордадағы жоғары оқу орнында білім алып жүрген студент.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
07.04.2020
Сыртқы есікте: «Карантинге байланысты жұмыс істемейді» деген хабарландыру болғанымен, массаж салоны жұмысын тоқтатпаған. Елдің есін алып жатқан коронавирусқа қарамастан, мұнда негізгі қызмет – сылап сипау, уқалауды қойып, интимдік қызметке көшкен. Карантин кезінде табыс табуға тіпті астанадан студент қыз да келіпті. Полицейлер осындай «қызу жұмыс» кезінде сау етіп кіріп келді. Түнгі 11 болғанына қарамастан, мекеме әкімшісі де сонда екен. Көкшетауда карантин жарияланып, шектеу шаралары күшейтілгенімен, салонға келушілер азаймапты.
Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз хатшысы:
- Карантин жарияланғанымен, салон бір күн де жұмыссыз тұрмаған. 1995 жылы туған салон иесін анықтадық. Қазір оған әкімшілік хаттама толтырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!