{metadescription}
Ақтөбе іргесіндегі ауыл тұрғындары карантин тәртібіне қарсы шықты
Ақтөбе іргесіндегі ауыл тұрғындары карантин тәртібіне қарсы шықты

Ақтөбе іргесіндегі ауыл тұрғындары карантин тәртібіне қарсы шықты

Ақтөбе іргесіндегі Ақшат ауылының тұрғындары карантин тәртібіне қарсы шықты. Олар өздерін облыс орталығына еркін кіріп-шығаруды талап етуде. Өйткені азық-түлік сатып алуға ауылдағы дүкеннің бағасын қымбатсынады. Сондай-ақ, есеп-шоттарынан «ақша шешіп үлгермедік» дейді. Бірақ бұл өтініштерін шенеуніктер елер емес. 

Карантин кезінде көп адамның жиналуына тыйым салынғанымен, мұны Ақшат ауылының тұрғындары елер емес. Олар керсінше, облыс орталығына еркін қатынауды талап етіп отыр. Ауылдағы қос дүкеннің тауарын қымбатсынады. Сондықтан азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алуға тоғыз шақырым жердегі Ақтөбеге баруды қалайды.

Шахмұрат Абдуллаев, Ақшат ауылының тұрғыны:

- Қаланың сыртынан  тоғыз шақырымдамыз. Бізді қалаға кіргізуге болады ғой! Дәрі алатын болсақ та, тамаққа баратын болсақ та. Бір-екі дүкенде өте қымбат. Ауылдан шыға алмай отырмыз. Кіре алмай, қалаға кіргізбейді ғой. Арнайы құжат керек дейді. Оны қай жақтан аламыз? Жұрттар зейнетақысына ала алмай отыр.   

Ақшат ауылы Ақтөбе қаласына қарайды. Бірақ карантинге шаһарды қоршаған кезде бұл елді мекенді сыртқа тастап кеткен. Өйткені қаланы айналып өтетін жол осы маңда. Сондықтан бекет ауылға кіреберістен орнатыпты. Бірақ ондағыларға «ақша ұстатсаң, сыртқа шығарады» дейді тұрғындар. 

Күнсұлу Қорғантайқызы, Ақшат ауылының тұрғыны:

- Пропускі сұрайды. Ана жерде отырғандар, жаңағының өзінде айтып отыр үлкен адамдар бес мыңмен кіргізіп-шығарып жатыр дейді. Сонда не масқара? Олар отырып алып шабашкі істеп отыр. Ал біздер мына жақта қиналып отырмыз.

Карантинге қарсы болған ақшаттықтарды сабырға шақыруға Алматы ауданы әкімінің орынбасары жетті. Ол: «Себепсіз ешкімді ауылдан аттап шығармаймыз» - деп отыр.

Бағұзақ Дарин, Алматы ауданы әкімінің орынбасары:

- Ал енді қазір бәріне жапа-тармағай береді, кім болса оңды-солды. Сонда ертең ауру таралып жатса қалай болады? Соны да аздап ойлау керек. Нәубеттен өтпесек қалай болғанымыз? Бәріміз қазақпыз. Жағдайды түсіну керек. 

Ақшаттан бөлек, Ақтөбе қаласына қарайтын тағы екі ауыл қоршау сыртында қалған. Онда тіпті дүкен тұрмақ, медициналық бөлімше де жоқ. «Енді ол жаққа азық-түлік пен дәрі-дәрмекті карантин кезінде тасып апарып отырамыз», - дейді әкімдіктегілер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде