{metadescription}
Алматыда жолаушылар тасымалы кәсіпорындары шығынға батты
Алматыда жолаушылар тасымалы кәсіпорындары шығынға батты

Алматыда жолаушылар тасымалы кәсіпорындары шығынға батты

Шектеуден келген шығын! Алматыда карантин режимі күшейтілгелі қоғамдық көлік пен такси қызметін пайдаланушылар күрт азайды. Соның салдарынан жолаушылар тасымалы кәсіпорындары шығынға батып жатыр. Тығырыққа тірелген қоғамдық көліктер қаржылай көмек сұрап, әкімдікке қол жаюға мәжбүр. Ал такси қызметі мәселенің шешімін тарифті көтерумен шешкен сыңайлы.

Жұмыс істеуге рұқсаты бар алматылықтар қазір тек ресми тіркелген такси қызметіне жүгіне алады. Өйткені өткен дүйсенбіден бастап енгізілген шектеу шараларының тәртібі осындай. Карантинге қарамай қызметін жалғастырған тұрғындар соңғы күндері сол таксилердің бағасы өсіп кеткенін айтып шағымдануда. Көшеде кептеліс жоқта жол ақысының қымбаттауы жұрттың түсініспеушілігін туғызған.

Мәселен, бір апта бұрын Республика алаңы 13 мекен жайынан Науаи және Жандосов көшелерінің қиылысына дейін «Яндекс.таксимен» 820 теңгеге жетуге болатын. Ал қазір осы екі аралықта жүру бағасы 1330 теңге. Тариф шамамен 500 теңгеге  көтерілген. Такси қызметінің өкілдері клиент санының азайып кеткенін айтады. Десе де бұл жағдайдың бағаға еш әсер етпегеніне сенімді. Яғни Қазақстан бойынша тариф «бұрынғы қалпында» деп отыр.

- Біз Қазақстандағы тарифті өзгерткен жоқпыз. Алматыда, керісінше, баға сәл де болса арзандады. Бірақ қаланың белгілі бір ауданында такси қызметіне жүгінушілер саны бос көліктерден көп болса, онда баға автоматты түрде көтеріледі.

Тамирлан Шапиев, «Яндекс-такси» Орталық Азиядағы нарығын дамыту бойынша атқарушы директоры:

- Автобустар жол ақысын қымбаттату арқылы тығырықтан шыға алмайды. Сондықтан амалсыз шығынға жұмыс істеуде. Өйткені карантин күшейтілгелі қоғамдық көлікке мінетін жолаушы саны бірден 10 есеге азайған. Мысалы, ақпанда автобустар мен троллейбустар күніне 1 миллион 300 мың адам таситын болса, қазір олар 140 мыңға дейін қысқарыпты

Сәбит Аманбаев, Алматы қалалық жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығының президенті:

- Автобустар қазір шығынға ғана жұмыс істеп жатыр. Зиян тартып жатыр. Табысымыз он есе азайды. Біздің тікелей шығынымыз, мысалы, осы 16-шы наурыздан сәуірдің біріне дейін миллиард теңге болса, онда табысымыз бір жарты миллиардтай. Сонда жарты айда шамасы жарты миллиард теңгедей зиян тартып жатырмыз.

Бұлай жалғасатын болса, автобус парктерінің жабылып тынуы ғажап емес. Өйткені жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының несиелері бар. Жанармай да қомақты қаражатты қажет етеді. Қала ішінде жүретін қоғамдық көлік саны 1055-ке қысқартылғанымен, оларға мың жарым адам қызмет көрсетеді. Демек бұл жұмысшыларды да жалақысыз қалдыруға болмайды. Бұл аздай, бетперде, медициналық қолғап пен өзге де химиялық заттарды өз қаржысына сатып алуда. Сондықтан қалалық жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығы әкімдікке алақан жаюға мәжбүр. Қазір олардың өтінішін қала басшылығы қарап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде