Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың коды өзгерді
Нұр-Сұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың коды ақыры өзгерді. Үш әріпті жаңа код екі айдан соң қолданысқа енгізіледі.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
07.04.2020
Мұндай өзгеріс Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының түпкілікті ресми шешімімен қабылданған. Ал ИАТА басшылығымен келіссөздер үш жыл бойы жүргізіліпті. Енді 1961 жылдан бері Целиноград, яғни «TSE» кодымен аталған халықаралық әуежайға «NQZ» деген код қолданылады. Жаңа код осы жылдың 8-ші маусымынан бастап әуе билеттерінде, жүктердің барлық түрінің биркаларында, ақпараттық таблоларда көрсетілмек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
09 наурыз
08 наурыз
07 наурыз
Серіктестер жаңалықтары