{metadescription}
Интернетті тежеген негізгі себептер
Интернетті тежеген негізгі себептер

Интернетті тежеген негізгі себептер

Елдегі төтенше жағдай кезінде интернеттің жүктемесі артып, жылдамдығы әлсіреп кеткен. Ғаламторға түскен салмақ жаңажылдық мерекеден де екі есе асып түсіпті. Цифрлық даму министрлігі жылдам интернетті тежеген негізгі себептерді атады.

Дарын Тұяқов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

- Қазақстанда да трафиктің өсуіне интернет абоненттерінің белсенді өсуі, интернет дүкендері арқылы тауар, тағам мен дәрі-дәрмектерді үйге жеткізуге тапсырыс берудің көбеюі, видеоконтентті қолданудың өсуі, үйден онлайн жұмыс істеуге көшу және оқушылар мен студенттердің қашықтан оқуы интернетке түскен салмақты арттыруда.

Ресми орган елордада интернеттің не себепті нашарлағанын түсіндірді. Бұған – бас қала тұрғындарының өзі кінәлі екен. Олар тұрғын үй кешендерінде орналасқан базалық станцияларды алып тастаған. Себебі, радио толқыннан, таралатын сәуледен қорқыпты. Сондықтан қала әкімдігі мен министрлік бірлесіп басқа жоспар құрып, базалық станцияларды тұрғын үйлерден бөлек жерге орнатыпты.

Биыл Нұр-Сұлтанда осындай 50 базалық станция салу жоспарда бар. Интернет желісін кеңейту үшін байланыс операторлары карантин режіміне байланысты резервтерін пайдалануға көшті.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде