600-ге жуық елді мекенді топан су басуы мүмкін
Елімізде 600-ге жуық елді мекен топан судың астында қалайын деп тұр. «Жағдайды толық бақылауда ұстап отырмыз», - дейді Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы. Владимир Беккер тіпті Ақмола облысында көктемгі тасқын басталып кетті деген ақпаратты да жоққа шығарды.
Автор: Ербол Тұрымбет
07.04.2020
Владимир Беккер, ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:
- Ақмола облысында су астында қалған ешқандай елді мекен жоқ. Ешбір үйді су басқан жоқ. Интернетте тек Екібастұз қаласындағы жағдай жарияланды. Ол – жерасты сулары. Биыл қар елдің басым аумағында қалың түскенімен, көктем қалыпты өтіп жатыр.
Комитет төрағасы өз сөзіне нық сенімді. Бірақ мына кадрлар біздің редакциямызға күн сайын хабарласып жатқан жұрттан келіп жатқанын айта кетейік. Есігінің алды мен көшелері көл боп жатқан жағдай Ақмола облысына қарасты Талапкер, Қараөткел ауылдарындағы көрініс. Ауласынан аттап шыға алмай отырғандар не жергілікті әкімдіктің, не құтқарушылардың төбе көрсетпегенін айтып шағымданып жатыр. Жалпы, көктем басталғалы бүгінге дейін 500-ге тарта елді мекенде тасқын қаупі сейілтілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!