Қостанай облысында үш қала сусыз, жарықсыз, жылусыз қалды
Қостанай облысындағы ауа райының күрт құбылып борандатуына байланысты үш қала сусыз, жарықсыз және жылусыз қалды. «Бес қонақтың» алғашқы бұрқасыны Көкшетауға да жеткен.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
07.04.2020
Қостанай, Лисаковск, Рудный қалаларында қарлы боранның салдарынан ғимараттардың шатыры жұлынып, электр желілері үзілген. Үш қала тұрғындары осындай ауа райының кесірінен сусыз, жарықсыз және жылусыз отыр.
Көкшетауда дүлей жел бес қабатты үйдің шатырын жұлып кетті. Опырылып түскен жабынды сол жердегі балабақшаның аумағына құлап, мекеменің қоршауын жапырып жіберіпті. Карантин уақытында жабық тұрған балабақшада ешкім болмаған.
Наталья Ляхова, Көкшетау қаласының тұрғыны:
- Үйде шәй ішіп отырғанбыз. Тарс-тұрс еткен дыбыстан далаға атып атып шықтық. Шатыр жатыр жерде. Қайта далада ешкім болмады. Көліктер де осы сәтте болмады. Енді үй маңына жақындауға болмайды. Кірпіштер құлап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!