Үкімет басшысы Назарбаевтың қабылдауында болып, әлеуметтің жағдайын жеткізді
Премьер бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың да қабылдауында болды. Коронавирусқа қатысты елдегі жағдайды жеке бақылауында ұстаған Елбасы Үкімет басшысымен экономикадағы соңғы көрсеткіштерді талқылады.
Автор: Аруна Ортай
07.04.2020
Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы қызметін қатар алып жүрген премьер-министр ауруға қарсы атқарылған шаралар туралы да есеп берді. Әрі, әлеуметтің қазіргі жағдайын да жеткізді. Бүкіл әлемді шыр айналдырған аурудың елдің әл-ауқатына кері әсер еткені анық. Себебі, соңғы үш айдағы көрсеткіштерде едәуір өзгерістер білініп отыр. Әсіресе, шағын бизнес шатқаяқтап тұр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті:
- Азық-түлік мәселесі, әсіресе, шағын бизнесті аяғынан тұрғызу керек боп отыр. Ұлттық қордан 4,5 млрд. долларды бөлуге келістім. Үкіметтің өзінің резерві де сондай. 10 млрд төңірегіндегі ақша экономикаға келейін деп отыр. Осы қыруар қаржыны дұрыс пайдалана алсақ, біраз жерге дейін барамыз.
Асқар Мәмин, ҚР Премьер-министрі:
- Дұрыс айтасыз, экономика даму керек. Үш айдың көрсеткіштері бойынша экономикалық базалық салалар дамып жатыр. Бірақ қызмет көрсету салалары қазір қиын жағдайда. Осы уақытта біздің сіз қойған басты міндетіміз – Үкіметтің алдына әлеуметтік-экономикалық жағдайда тұрақтылық қамтамасыз ету. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!