{metadescription}
Жұрт әлеуметтік төлем мен зейнетақысын алуға Қазпоштаға ағылуда
Жұрт әлеуметтік төлем мен зейнетақысын алуға Қазпоштаға ағылуда

Жұрт әлеуметтік төлем мен зейнетақысын алуға Қазпоштаға ағылуда

Бүгін елдегі Қазпошта бөлімшелерін қалың нөпір адам басты. Бірі 42 500 әлеуметтік төлемін рәсімдеткісі келсе, енді бірі зейнетақысын алуға келген. Қалада карантин екен деп қауіптен секем алатын ешкім жоқ. Жәрдемақыға өтінішті онлайн жіберіп, зейнетақыны да үйден шықпай алуға болғанымен, пошта бөлімшелерінде қалың кезек.

Мұндағылардың басым көпшілігі зейнетақы, әлеуметтік төлем алуға келгендер. Сондай-ақ коммуналдық қызметті төлеуді көздегендер де бар.  Бұл кісілер онлайн қызмет туралы білгенімен, ақшаны қолма-қол алғанды құп көреді.  

Ақшаны қолма-қол алған былай тұрсын, жыр болған 42 500 теңгені онлайн рәсімдей алмай жүргендер жетіп артылады. Сондықтан карантинге қарап жатқан ешкім жоқ. Барлығы күнкөрістің қамы.

Нұрзия Наушабекова, Тараз қаласының тұрғыны:

Карантин жариялады. Енді не істеймін? Карантин деп отырсам, аштан өлемін ғой, дұрыс па? Екі апта болды жұмыс жоқ. Үйде отырмын. Маған кім ақша береді? Мен де елмен бірге келіп, 42 500 теңге, бұйырса, алайын деп келдім.

Қауіпті індетке байланысты пошта қызметкерлері келгендерге бетперде үлестіріп, кезектегілердің арасы бір метрден кем болмауын қадағалап жүр. Егде тартқандарға далаға шығуға тыйым салынғанымен, амалсыздан кезекте тұрғандар көп.

Раузалия Беделбаева, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

Вирус болса, аштан өлеміз бе? Бізге ешкім ештеңе де әкеліп бермейді. Су әкеліп беретін адам жоқ. Балалар да өз бетімен. Зейнетақымызды алуға, мінекей, осылай келеміз.

Карантинге байланысты елордада 34 пошта бөлімшесінің тек 10-ы жұмыс істейді. Онлайн-қызметтен хабары аз жұрт жәрдемақы тағайындалғалы бері осында толассыз ағыла бастаған. Адамдарды бөлімшелерде топырлатып жинамау үшін Қазпошта сәуірдің ортасына дейін зейнетақыны жеткізіп беру тізімін бекітіпті. Бүгінде 389 мыңнан астам зейнеткер аталмыш қызметтің игілігін көріп үлгерген.

Сәкен Сәрсенов, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы:

- Біз клиенттерімізден аса қажеттіліксіз пошта бөлімшелеріне барудан бас тартуды, қашықтан қызмет алу арналарын қолдануды сұраймыз. Біздің сайт және мобильді қосымшамыз арқылы сәлемдемені үйге жеткізуге, курьерді үйге шақырып, жөнелтімді алып кетуге тапсырыс беруге болады.

Жалпы ел бойынша пошта бөлімшелері арқылы 237 мың адам әлеуметтік жәрдемақыға өтініш білдірген. Соның 126 мыңнан астамына арнайы шот ашылды. Бұл қызметтің өзі пошталарда жуық арада онлайнға ауыстырылмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде