{metadescription}
Алматы маңында үш күнде далалық әскери госпиталь құрастырылды
Алматы маңында үш күнде далалық әскери госпиталь құрастырылды

Алматы маңында үш күнде далалық әскери госпиталь құрастырылды

Алматы маңында 900 науқасқа арналған далалық әскери госпиталь ашылды. Жылжымалы емдеу мекемесі аз уақытта құрастырылған. Осы жерге Алматы мен Алматы облысында коронавирус жұқтырған тұрғындар жатқызылады. Мұнда заманиуи медициналық құрылғылар жеткілікті. Жауынгерлік оқу базасында орналасқан госпитальдың жұмысымен тілшіміз танысып қайтты.

Мыңға жуық науқасты қабылдайтын далалық жылжымалы госпиталы 72 сағатта десанттық шабуыл әскери қызметкерлерінің көмегімен құрастырылған. Мұнда Алматы мен Алматы облысында коронавирусты жұқтырған науқастарға алғашқы және мамандандырылған көмек көрсетіледі.

Далалық әскери госпиталдың іріктеу-қабылдау бөліміне науқастар алдымен жеткізіліп, бірінші тексеруден өткізіледі. Ары қарай қарай коронавирус жұқтырған жағдайда немесе коронавирусқа күдігі болса, зертханаға жолданады. Зертханада дәрігерлер науқастан қан сынамаларын алады. Ал қан сынамасы қанша уақытта жасалады?

Нұрболат Мамышев, Далалық жылжымалы әскери госпиталь қызметкері:

- Қан қан сынамасы екі, не бес минутта, егер коронавирусқа қатысты болса, бір реттік тестпен 15 минуттың ішінде дайын болады. Инфекция анықталса, оны инфекционист дәрігерге хабарлаймыз.

Науқастың жағдайы тым ауыр хәлде болса, бірден жансақтау бөліміне жатқызылады. Дәрігерлердің айтуынша, жан сақтау бөліміне түскен науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылады. Мұндай бұл жерде 10 құрал жұмыс істейді. Ары-бері тасымалдауға қолайлы дейді.

Азиз Жапбаров, Далалық жылжымалы әскери госпитальдың бөлім бастығы:

Анестезиология және жан сақтау бөлімі 6 науқасқа арналған. Соңғы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Бес транспорттық өкпені демалдыру аппараты, 5 стационарлық аппаратпен жабдықталған. Сонымен қатар 3 оттекті концентратымыз бар.

Барлық 900 төсек әзір. 100 адам шатырда ем қабылдайды. Ал госпиталь жанында 300 орындық екі ғимарат та дайын тұр. Оған қоса, 500 орындық шатырлы лагерь ашылған. Олар карантин кезеңінде пайдаланылады. Арнайы мекемеге қажетті құрал жабдықтар Тараз қаласынан жеткізілген. Мұнда санитарлық тазалық сақтау басты орында тұр.

Қамбар Назаров, Далалық жылжымалы әскери госпиталь бастығы:

Далалық әскери жылжымалы госпиталь Тараз қалалық әскери жылжымалы госпиталіне қарайды. Бұл жерге 5 дәрігер, 14 кіші медицина қызметкері келген. Қазір далалық әскери жылжымады госпиталы қызметін атқаруға толық дайын. Жоғарғы бас қолбасшылардың бұйрығын күтіп отырмыз.

Егер жылжымалы госпиталда адам саны артса, қосымша дәрігерлер шақырылмақ. Емдеу мекемесі науқастарды қабылдауға сақадай-сай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде