{metadescription}
Түрмеде отырғандар қорғаныс бұйымдарын тіге бастады
Түрмеде отырғандар қорғаныс бұйымдарын тіге бастады

Түрмеде отырғандар қорғаныс бұйымдарын тіге бастады

Түрмеде жазасын өтеп жатқандар полицияға арнап қорғаныш киім тіге бастады. Қылмыстық-атқару мекемелерінің барлық тігін цехтары қазір ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған қорғаныс құралдары өндірісін бастаған. Сөйтіп жеке құрамды толық қамтиын деп отыр.

Мәселен, бірінші кезеңде медициналық бетперделерді тігу өндірісі жолға қойылған. Қазірдің өзінде миллионға жуық қорғаныс бұйымдары дайындалыпты. Ал 160 қорғаныс комбинезонынан тұратын бірінші партия блок-бекетте тұрған елордалық полицейлерге берілді. Жақын арада осындай комбинезондарымен Ішкі істер министрлігінің барлық аймақтық бөлімшелері қамтамасыз етілмек.

Тәжірибе ретінде Ішкі істер министрлігі ғимаратының кіреберісіне «дезинфекциялық туннель» орнатылды. Ол арнайы физиологиялық ертіндіні бүркіп тұрады. Алдағы уақытта туннель барлық колонияларда орнатылмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде