Ақтөбе қоғамдық көлігінде карантин тәртібі бұзылды
Ақтөбе тұрғындары карантин тәртібін бұзуға мәжбүр. Қоғамдық көлікте тығылысып, санитар мамандардың ескертуін елер емес.
Автор: Жаңалық Ахаш
08.04.2020
Таң атпай жұмысқа асыққан ақтөбеліктер үш мезгіл қаланы аралайтын санаулы автобусқа үлгеріп мінгісі келеді. Жаныққаннан көпшілік жиналған жерде вирус жұқтыру қаупі барын білгенімен, көлігі жоқтарының бұдан басқа амалы қалмаған. Карантин талабына сәйкес6 автобуста қанша орын болса, сонша адам міну кірек. Жолаушының түрегеп тұруына тыйым салынған. Енді осы тәртіпті реттей алмаған жолаушылар тасымалының қызметкерлері жауапқа тартылады. Ал әкімдіктегілер қосымша тағы бірнеше автобус шығарамыз деп отыр. Бірақ қызметін тоқтатпаған мекемелер карантин кезінде жұмысшыларының қатынасын өздері қамту керек дейді шенеуніктер.
Бекболат Нұрашев, Ақтөбе қалалық ТКШ және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы:
- Автобуста орын санына байланысты жаңағы жолаушылар отырғызылу тиіс болатын. Бүгінгі күнде таңғы уақытта осындай жағдайға байланысты артықтау жолаушыларды алғанына байланысты тасымалдаушылар тарапына ескертпе берілді және одан әрі шара қабылдаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!