{metadescription}
Павлодар облысында өрт мың гектар аумақты күлге айналдырды
Павлодар облысында өрт мың гектар аумақты күлге айналдырды

Павлодар облысында өрт мың гектар аумақты күлге айналдырды

Павлодар облысында бүтін бір ауылды өрт жалмай жаздады. Желдің күшінен екпін алған қызыл жалын мың гектар аумақты күлге айналдырған.

Тілсіз жау отыз шақты тұрғыны бар Қосқұдық ауылына дейін жақындаған. Сондықтан шұғыл түрде Шарбақты ауданының құтқарушылары ауылдағы он бала мен төрт әйелді қауіпсіз аумаққа шығарды. Ал ер азаматтар құтқарушылармен бірге дала өртін сөндіруге көмектескен. Нәтижесінде қызыл жалын ауыздықталып, Қосқұдық ауылына өрт тиген жоқ. Шенеуніктер дала өртінің тұтануына тұрғындардың өзі кінәлі деп отыр.

Ернұр Өтегенов, Павлодар облыстық ТЖД бастығы:

- Қазір облыс бойынша 140 өрт жану оқиғасы тіркеліп отыр. Оның 80-і далалық жерде. Атап айтқанда, 3 мың гектар аумақ өртенді. Қосқұдық ауылына қауіп төнді. Сондықтан жергілікті атқарушы билік пен біздің ТЖД келісімімен бірінші кезекте балалар Шарбақты аудан орталығына көшірілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде