Көктемгі егістік жұмыстарына бөлінген қаржы мен дизель отыны
Карантин көктемгі егістік жұмыстарына кедергі емес. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Биыл еліміздегі егіс көлемі 22 млн гектар болады. Соның тең жартысы – бидай алқаптары.
Автор: Әсем Қабылбек
08.04.2020
Құзырлы ведомство өкілдерінің айтуынша, төтенше жағдай кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар толық сақталады. Карантин жарияланған аймақтарда диқандарға қажетті техниканы бекеттер арқылы тасымалдау мәселесі өзекті. Шаруа қожалықтары мен қызмет көрсету компаниялары жұмысшыларын жеке қорғаныш және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етуі шарт. Өзге аймақтарда бұл ережелер қаралып жатса, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында көктемгі егіс науқаны басталып кетті. Ал энергетика министрлігі аймақтарға арзандатылған дизель отынын теңдей бөлуі тиіс. Биыл орташа баға литріне 184 теңге болады. Бұл нарықтық бағамен салыстырғанда 13 пайызға арзан.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:
- Көктемгі егіс жұмыстарын уақытында жүргізу үшін ақпан-маусым айларына 387 мың тонна дизель отыны бөлінді. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында көктемгі егіс жұмысын жүргізуге қосымша 100 миллиард теңге бөлінді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!