{metadescription}
0:000:00
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында болған дүлей дауылдың шығыны

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында болған дүлей дауылдың шығыны

Ақмола облысы дүлей дауылдан кейінгі шығынды есептеп жатыр. Бір кеште шатырлар ұшып, аялдама, балкондар құлап, жерде жатқан қоқысқа дейін көкке ұшырған күшті желден адам өлімі де тіркелді. 30 адам түрлі дене жарақатын алды. Электр сымдары үзіліп, 189 елді мекен жарықсыз қалған. Көрші Солтүстік Қазақстан облысында да дәл осындай жағдай. Онда да әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер бүлінген.

Апат алып келген дүлей дауыл онсыз да вирустан қауіптеніп отырған жұрттың зәресін ұшырды. Тарс-тұрс құлаған жарнаманың алып тақталары, тамырымен жұлынған ағашты айтпағанда шатырлар қаңбақтай ұшты. Көшені көлденең алып қалған бір көпқабатты үйдің шатыры 4 жыл бұрын ғана мемлекеттік бағдарлама бойынша 39  миллион теңгеге салынған.

Галина Блунская, Көкшетау қаласының тұрғыны:

Біз, міне, шатырсыз қалдық. Жаздай жаңбыр болса, күніміз не болады. 7 жылға қарызға кіргізіп, мемлекеттік бағдарлама деп салып берген. Ақшасын кешіктірмей төлейміз. Қалай болса солай салған. Неге ескі шатырлар орнында тұр? Енді кім оны орнына қойып береді?

Дауылда 115 ғимарат бүлінген. Оның қатарында 40 әлеуметтік нысан – мектеп, балабақша, ауруханалар шатырсыз қалып отыр. Электр желісіне зақым келіп, 189 елді мекеннің жарығы өшкен. Адам шығыны да бар. 40 жастағы азаматты шеберхана шатыры басып қалған. Дәрігер көмегіне жүгінгендер де көп.

Мұратбек Бекмұхамбетов, Ақмола облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Жарақат бөлімшесіне 18 адам қабылдадық. 18 адамның 17-сі амбулаторлық көмек алып, үйлеріне жіберілді. Бір науқас ауыр жарақат алып, кеше нейрохиругтар операция жасап, қазір ауыр халде жан сақтау бөлімінде  жатыр.

Көршілес Солтүстік Қазақстан облысында да жел секундына 33 метр жылдамдықпен соққан. Мұндағы 7 ауданында 24 нысан шатырсыз қалыпты. Екі адам зардап шегіп, қазір ауруханада жатыр.

Дәл қазір электр энергиясынсыз қалған 159 елді мекенге жарық берілді. Ал 30 елді мекенге қар еріп, көктемгі лай суы жайылуына байланысты электр желісін жөндеуге бірнеше күн қажет екен. Қазір дауылдан кейін шашылған қала іші ретке келтіріліп,табиғат апатынан келген шығын есептеліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.