{metadescription}
0:000:00
Нұрсұлтан Назарбаев: Қазіргі Қазақстан 90-шы жылдардағы Қазақстан емес

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазіргі Қазақстан 90-шы жылдардағы Қазақстан емес

Қазіргі Қазақстан 90-шы жылдардағы Қазақстан емес! Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына үндеу жариялап, екі кезеңдегі елді салыстыруға болмайтынын айтты. Өйткені бүгінгі Қазақстанның қиындық туғанда ешкімге алақан жаймасы үшін, болашақ ұрпаққа жинақталған қоры бар. Шартарапты шарлаған індет пен әлемдік экономикалық дағдарысты Елбасы отандастарға бірлесе, бірге жеңуге шақырды.  

«Бірлесе білген ел бәрін жеңеді». Осылай деп аталатын Тұңғыш Президенттің мақаласы бүгін сәрсенбінің таңында жарияланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 30 жылда жеткен жетістіктерін тілге тиек етіп, халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың жолайрықта тұрғанына, сын сағатында өмір сүріп жатқанына баса назар аударады.

Әсіресе тұтқиылдан келген індет жер-жаһан халқына қауіп төндіріп тұр. Кесел төрткүл дүниені кезеді дегенде, Қазақстан алғашқылардың бірі болып төтеп беруге кіріскен. Заманауи ауруханалар, әлемдік деңгейдегі ең озық техникалармен жабдықталған медициналық орталықтар қысылтаяң кезде жұрттың керегіне жарап тұр. Елімізге адам өмірі басты капитал болып қала бермек.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:

Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі. Дәл осы тұста бәрімізге халқымыздың әрдайым үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеді деп сенемін.

Коронавирус әлемдік экономикалық дамуға едәуір әсер етіп отыр. Қазақстан ғана емес, дүние жүзінде алып кәсіпорындар жұмысын тоқтатты. Мұнай бағасы құлдырап барады. Шекаралар жабық. Жұмыссыздық жайлады. Кеше ғана бір-бірін аяқтан шалып жағадан алған мемлекеттер өзара көмек қолын созып жатқанда қазақстандықтар да бірігетіне Елбасы сенімді.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті:

- Қалыптасып отырған жағдай оңай емес. Бұл бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамызОл үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қорда 90 миллиард доллар барын айтты. Бұл қаржы ел басына күн туған шақта, өскелең ұрпақтың жарқын болашағына жұмсалады, жұмсалып та жатыр. Тек оны ретімен үнемді пайдалануы керектігін ескертті. Министр, әкім қаралар мен нұротандықтар қиындықтан шығуға барлық күшін жұмсауы тиіс.

Тұңғыш Президент өз мақаласында Тәуелсіздіктің арқасында жан-жағын түгелдеп, бес қаруын сайлап алған кәсіпкерлерге «Мен еліме не беремін?» деген сауалды, ойды қаперлерінде ұстауға шақырды. Елбасы жастарды да ұмыт қалдырған жоқ. Әрқашан ел болашағына сенім артатын ол Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген өсиетін естен шығармай, аянбай еңбек етіп, тер төгу керектегін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде