{metadescription}
Алматыда 3557 медицина қызметкері алғашқы үстемақыларын алды
Алматыда 3557 медицина қызметкері алғашқы үстемақыларын алды

Алматыда 3557 медицина қызметкері алғашқы үстемақыларын алды

Алматыда коронавируспен күресіп жүрген 3557 медицина қызметкері алғашқы үстем ақыларын алды. Басын бәйгеге тігіп жүрген дәрігерлер мен өзге денсаулық сақтау қызметкерлеріне 965 миллион теңге көлемінде қаражат берілген.

«Қауіптілігі аса жоғары» саналатын бірінші санаттағы ақ халаттылар айлықтан бөлек, 850 мың теңге көлемінде төлем алды. Олар: жан сақтау бөлімшелері мен инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Ал екінші санатқа жататын провизорлық стационарлардың, жедел медициналық көмектің дәрігерлері мен фельдшерлері, оның ішінде амбулаториялық-емханалық ұйымдардың қызметкерлеріне 425 мың теңгеге дейін үстемақы берілді.

764 өзге де денсаулық сақтау қызметкерлері де осы қосымша төлемге іліккен. Үстеме төлем кесел жұқтыру қаупі жоғары саналатын үш топқа үш айға есептелген.

Тілеухан Әбілдаев, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының басшысы:

- Үшінші қауіпті саналатын медицина қызметкерлеріміз 212 500 теңгеге дейін өздерінің жұмысының күнделікті деңгейіне қарай үстемақы ала алады. Дейін деген тура осы сомма емес. Мысалы, бір адам өзінің жұмыс күндерінің жартысында ғана істеген шығар. Онда үстемақының жартысын алады. Бір айдың үштен бірінде істесе, осы сомманың үштен бірін алады. Толық бір ай істесе, толық алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде