{metadescription}
Өскеменде автокөлік қалдығын үйіп қойып өртегендерге іздеу жарияланды
Өскеменде автокөлік қалдығын үйіп қойып өртегендерге іздеу жарияланды

Өскеменде автокөлік қалдығын үйіп қойып өртегендерге іздеу жарияланды

Өскеменде автокөлік қалдықтарын тау қылып қала ортасына үйіп кеткендер іздестіріліп жатыр. Ең қызығы, мамандар өрт шыққанға дейін қоқысқа мән бермей келген.

Бұл жерде көліктің резеңкесінен бастап, пластикалық жабдықтарының түр-түрі бар. Тек темір-терсекті ғана таба алмайсың. Соған қарағанда темірін түсті метал қабылдайтын орынға өткізіп, қалған қалдығын осында әкеліп үйе берген. Кеше біреу оған от қойып, көк түтін мен күлімсі иіс маңайды алып кетеді. Бықсыған өрт сөндірілгенімен, енді тексеруге экологтар кірісіпті. Олар көлік қалдықтарының түтіні денсаулыққа өте зиян деп отыр. «Қоқысты үйгенді тауып, жазаға тарту керек», - дейді.     

Қаныбек Нұрғалиев, ШҚО Экологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы міндетін атқарушы: 

- Экология департаментімен осы заңсыз орналастырған иесін анықтау мақсатында бізбен тексеріс жүргізу басталды. Сонымен қатар полиция басқармасына хаттама жолданды. Бұл бір күндікте әкелмеген. Ұзақ уақытта тасымалданып орналастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде