{metadescription}
СҚО-да ерлі-зайыпты өртеніп өлді
СҚО-да ерлі-зайыпты өртеніп өлді

СҚО-да ерлі-зайыпты өртеніп өлді

Солтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыпты өз үйінде өртеніп кетті. Куәгерлер көрші ауылдан өрт сөндірушілерді шақырғанымен, газ баллонының жарылуы тілсіз жауды дер уақытында ауыздықтауға кедергі болған.

Нұрлан Атығаев, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

Бір газ баллоны жарылды, өрт сөндірушілер келген уақытта. Өрт сөндіру уақытында екінші баллон жарылды. Өрт сөндірушілер сөндіру кезінде сол жерде екі адам қаза болғанын анықтап, екі адамның сүйегін алып шықты.

Арықбалық ауылында үй өртеніп жатқанын 101 қызметіне көршілері хабарлапты. Бұл елді мекенде өрт сөндіру бөлімшесі жоқ. Дегенмен құтқарушылар қара жолмен тіке тартып дереу жеткенімен, ештеңе істей алмады. Өйткені жалыннан үйдің төбесі опырылып түскен. Ал үй ішінде 57 жастағы отағасы мен 47 жастағы азаматтық некедегі жары қалған. Ауылдастарының айтуынша, марқұм болған үй иесі жүк көлігімен қала арасына қатынайды екен. Демалысқа шыққан күні арақтан аузы құрғамайтын көрінеді. Өрт шығатын күні де мас болған. Мамандар мастықпен темекі тұқылын сөндірмей ұйықтап қалған деп болжайды. Оттың тұтануына сол себеп болуы мүмкін.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде