{metadescription}
Алматыда полицейлер сауық-сайранның үстінен үсті
Алматыда полицейлер сауық-сайранның үстінен үсті

Алматыда полицейлер сауық-сайранның үстінен үсті

Карантин тосқауыл болмапты! Алматыда шектеу шараларына қарамастан күні-түні жұмысын жалғастырған рестобар анықталды. Қаланың қақ ортасындағы көңіл көтеру орны негізгі кіреберісін жауып, қызметін тоқтатқандай кейіп танытқанымен, тұрақты клиенттерін өзге есік арқылы кіргізіп отырған. Полицейлер сауық-сайранның үстінен түскенде, оның ішінде бас-аяғы 22 адам болыпты.

Олар қызметшілері болса, 12 адам үйінде отыра алмай қыдырып келген қонақ екен. Ең сорақысы, жұмысы қызған барда 13 жасар екі жасөспірім де жүріпті. Біреуі осында даяшы болып нәпақа тапқан. Ал екіншісі қыдырымпаз үлкендермен еріп келген. Өзбекстанның үш азаматы жұмыс істеген. Көші-қон заңнамасын бұзған олар карантин біткен соң еліне қайтарылмақ. Карантинге бағынбаған азаматтардың бәрі жауапқа тартылады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

Бүгінгі таңда бұл 22 азаматтың барлығына әкімшілік кодекстің 476-шы  бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жіберілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде