{metadescription}
0:000:00
Алматыда аспаздар дәрігерлердің қамын күйттеп жүр   

Алматыда аспаздар дәрігерлердің қамын күйттеп жүр   

Күресу үшін де күш керек! Алматыда аспаздар дәрігерлерге көмекке келді. Үй бетін көрмей күні-түні коронавируспен күрескен дәрігерлерге тегін тамақ пісіріп, таратып жатыр. 

Ал жобаны ұйымдастырушы – Қазақ-Ресей медициналық университеті мен «Дегдар» қоры. Бүгінде осы қордың арқасында жедел жәрдем мен орталық клиникалық ауруханасының 200-ден астам қызметкері күнделікті ыстық аспен қамтылған.

Қазақ-Ресей медициналық университетінде 5 мыңнан аса студент оқиды. Әдетте іші де, сырты да у-шу ғимарат карантинге жабылғалы тып-тыныш. Десе де, ішінен тамақтың иісі шығып тұр. Себебі?

Ыстық сорпа, піскен тауық еті, алма тосабы мен тәтті бәліштің иісі алыстан аңқиды. Мұның тағам әзірлеуге Ләйлә Мендешова таңғы сағат алтыдан аяғынан тік тұрған. Университет асханасының аспазы бұған дейін тек студенттерді тамақтандыратын. Енді карантинде құр жатпай, дәрігерлердің қамын күйттеп жүр.      

Ләйлә Мендешова, аспаз:

- Күш-қуаттары болсын дейміз. Олар да халыққа көмектесіп жатыр. Ерте келеміз, тоқтамай жұмыс істейміз. Арасында баяғыда демалатын едік, енді тыным жоқ, жалғыз болғаннан кейін. Екі-ақ аспаз тамақ істеп жатырмыз.

Айналдырған екі аспаз 250-ден астам ақ халаттыға ас әзірлеген. Ыстық тамақтан бөлек, шайға арналған тәтті бәліштерді де пешке салып жатыр. Ал бәліші балдай – бірі мейізбен, ал енді біріне сүзбе қосылған.    

Айжан Ахметова, аспаздың көмекшісі:

- Үйдің тамағына ұқсатып, үй тамағын дайындап апарып береміз. Біздің аспаздарымыз жақсы көңіл-күймен жасап жатыр. Бізге ол қиын емес. Бетберпе болғаны болмаса, тамақ дайындау бәрімізге үйреншікті. Дәрігерлерімізге ас болсын дейміз. Олар елімізге жұмыс жасап жатыр.

Ал тамақты ыстық күйінде 250 ыдысқа салуға аспаздарға тағы екі қыз көмекке келген. Асханадағы азғантай да болса, ауыр артиллерияны Қазақ-Ресей медициналық университеті мен «Дегдар» қоры ұйымдастырған. Осылайша олардың да дертпен күрескілері келеді. Айта кету керек, ыстық тамақ дәрігерлерге карантин аяқталғанша жеткізілетін болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде