{metadescription}
0:000:00
Карантинге дейін Иранға барған Қазақстан азаматтары елге жете алмай жүр  

Карантинге дейін Иранға барған Қазақстан азаматтары елге жете алмай жүр  

«Елге қайтуға көмектесіңдер!» Карантинге дейін Иранға барып, Горган мен Бендер Түркмен қалаларында қалып қойған 40-қа жуық отандасымыз Сыртқы істер министрлігінен көмек сұрайды. Жырақта қалған жерлестеріміздің бірі – туыстарына, өзгесі – емделу үшін барған екен.

Фатима Бәли, Қазақстан азаматы:

- Екі айдың үстінде, міне үш айға жақын Иранға келдім. Ол кезде менің аяғым ауыр, жүкті едім. Сосын ауру себебімен докторға келіп едім. Қазір екі жарым айға жақындады. Босандым. Бес баланың анасы едім. Қазір өз еліме, балаларымның қасына қайтқым келеді. Төрт балам Қазақстанда, ата-әжесінің қасында. Сағынып жүрмін.  

Тек бір ғана Бендер Түркмен қаласында Фатима Бәли секілді 23 Қазақстан азаматы елге жете алмай жүр. Бәрі Ақтау қаласының тұрғындары. Айтуларынша, көбінің қаражаты таусылған. Қандастарымыз Ирандағы туыстарының үйін паналауға мәжбүр. Әуе және кеме қатынасы толық тоқтағандықтан, отандастарымыз Ақтауға жете алмай отыр.

Коронавирустың жаппай таралуына байланысты Ирандағы жағдай мәз емес. Елде қауіпті кеселді жұқтырғандар саны 66 мыңнан асты. Сондықтан тұрғындарға үйден шығуға мүлдем рұқсат жоқ. Қазақтар ең көп қоныстанған Горган мен Бендер Түркмендегі көшелер де бос.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің қолы байлаулы. Өйткені коронавирусқа байланысты Қазақстан да, басқа мемлекеттер де шекарасы мен әуе кеңістігін жауып тастаған. Оның үстіне жырақта жүргендерге карантинге дейін-ақ елге дереу қайту жөнінде ескерту берілген дейді сыртқы ведомство өкілдері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде