Қымбатшылықтың қашанға дейін қарыштайтынын тұрақтандыру қоры айта алмай отыр
Карантиннің кесірінен елдегі азық-түлік бағасы әдеттегіден әлдеқайда жылдам шарықтап барады. Наурыз айында тауарлардың айлық инфляциясы 1,7 пайызды құрады. Ал азық-түліктік емес тауарлардың құны 5 жарым пайызға өскен. Көлік қызметі, байланыс және бірқатар коммуналдық қызмет түрлерінің құны да аспандап кеткен. Мұнайдың тым арзандап кетуінен наурыз айынан бері теңге де табан тіремей құлдырап барады. Қымбатшылыққа ол да бір себеп. Инфляция 6,4 пайызға жетіп, Ұлттық банк болжаған коридордан асып кеткен.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
14.04.2020
Нарықтағы бағаның жайын тілшіміз жалғастырады.
Шымкент базарларында алыс-жақын шетелден келетін жеміс-жидекке баға күрт көтерілді. Саудагерлер көтерме бағаның өзі аспандап кетті деп мұң шағады. Ал қарақұмық пен қанттың бағасы ек3 апта бұрын 20 теңгеге өсіп, сол межеде тұр. Азық-түлік қоры жеткілікті бола тұра6 сатып алушылардың бірден азайып кеткен. Соны алға тартқан саудагерлер ұн мен сұйық майдың, жалпы тауарлардың бағасы көтеріліп жатқанын айтады.
Сәбира Дусметова, сатушы:
- 500 теңгеге көтерілді, лимон, 150 теңгеге қызанақ. Сатылып жатқан бағадан.
- Қаншадан сатып жатсыздар?
- 650 теңгеден қызанақ, 500- ден сататын едік, қазір 650. Ал лимонның килосы мың теңге болатын еді, қазір мың жарым теңгеге көтерілді.
Бекзада Тұңғышбекова, сатушы:
- Қытайдан келетін апельсин, мандарин мароккандық, алма қымбаттаған.
- Қаншаға?
- Үстінен алып жүрген бағадан мың жарым теңгеге қымбаттады.
- Қайсысына?
- Мандарин, алма, көтерме бағасымен алма 500-550 теңгеден түседі, бізге алу бағасы. Ал 600-ден сатып жатырмыз. Бүгін қымбаттаған.
Ал азық-түліктік емес тауарлардың бағасы 5 жарым пайызға өсіп отыр. Сондай-ақ көлік қызметі, байланыс және бірқатар коммуналдық қызмет түрлерінің құны да аспандап кеткен. Ұлттық банк төрағасының сөзінше, әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздық, карантин шаралары әлемдік экономиканың құлдырауына қауіп төндіріп отыр. Пандемияның салдарынан тұрғындар көп тұтынатын азық түрлерінің құны тек Шымкентте емес, ел бойынша қымбаттай түскен.
Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
- Ағымдағы жылғы наурызда басқаларға қарағанда қант – 8,5 %-ға, көкөністер мен жемістер – 5,1 %-ға, қарақұмық жармасы – 2,5 %-ға қымбаттады. Соның салдарынан наурызда азық-түлік тауарларының айлық инфляциясы 2017 жылдан бергі барынша жоғары мәнге жетіп, 1,7 % болды.
Мұнай құнының құлдырап кетуінен наурыз айындағы теңгенің 1 долларға шаққандағы бағасы 450 теңгеден асып түсті. Наурызда Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай кезінде жылдық инфляция 6,4 пайызға дейін көтеріліп, 2020 жылға белгіленген 4-6 пайыздық дәлізден асып түсті. Инфляцияға қарамастан, Үкімет тарапы бағаны шектен асырып жібергендер «жазадан құтылмайды» деп отыр. Бағаны бақылайтын арнайы мобильді топтар құрылған.
Азамат Рашитов, Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бөлімінің бас маманы:
- Мобильді топтардың негізгі мақсаты – шектік бағаны асырған кәсіпкерлерге қатысты тиісті шараларды қабылдау. Бүгінгі таңда айыппұл осы шекті бағаны өсіру бойынша 265 мыңнан бастап 530 мың теңге көлемінде қарастырылған.
Бағаның бұлай аспандауына карантиннің кесірі тигені анық. Бірақ тауарлардың бағасы қашанға дейін қарыштайтынын тұрақтандыру қоры нақты айта алмай отыр. Ал бүгін төтенше жағдай режимі ұзартылғаны айтылды. Бұл да баға бағамына әсер етпей қоймасы анық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!