{metadescription}
0:000:00
«Бала дауысы» байқауы таланттарды іздей бастады

«Бала дауысы» байқауы таланттарды іздей бастады

Талаптыға карантин де кедергі емес! «Бала дауысы» ұлттық ән байқауы қашықтықтан таланттарды іздей бастады. Ән айтуға құмар балақайлардың үйде отырып та өтініш беруге әлі 10 күндей уақыты бар. Ол үшін видеоға ән орындап, жылдамдатып ұйымдастырушыларға жіберуі тиіс.

Бүкіл елде карантин. Адамдардың жүріп-тұруы шектелген. Бірақ «Бала дауысы» ән байқауы әрбір үйге есік қағып кірмек. Яғни, отбасында 8-ден 12 жасқа дейінгі ән шырқауды жанындай жақсы көретін бала болса, дауыс бәйгесіне қатысуға мүмкіндігі бар. Тек қолында таспасы болса болғаны.

Медина Серік, «Бала дауысы» байқауына қатысушы:

- Серік Медина. «Бала дауысына» арнап өлең айтамын. Елім, жерім, жүрегім менің!

Қашықтықтан іріктеу 26-наурыздан басталып кетті. Дегенмен 10 күннен кейін мәресіне жетеді. Осы уақыт аралығында Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтаннан көптеп өтініштер түскен. Ұйымдастырушылар кішкентай әншілердің үйде отырып қатысып жатқанына қарамастан, бар өнерін ортаға салғанын айтады.

Байқаудың талабы бойынша, әншілер үш әннен үзінді орындауы тиіс. Тілге шектеу жоқ. Дегенмен уақыт шектеулі. Небәрі үш минут ішінде балалар талантымен іріктеушілердің таңдайын қақтыруы тиіс.

Іріктеу соңында финалға 17 әнші шығады. Ал басты жүлде еліміздегі жетекші музыкалық мектептерге тегін оқу мүмкіндігі мен «Диснейлендке» тегін саяхаттайды. Балаларды арнайы жетекшілер жеңіске дайындайды.

Марат Ақыпбек, «Бала дауысы» байқауының ұйымдастырушысы:

- Музыкалық продюсерлер мен стилистер жұмыс істейді. Мамандар балаларды сахнаға дайындап, олардың әрі қарай өсуіне бағыт-бағдар береді.

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры мен Тұңғыш Президент қоры, Мәдениет және спорт министрлігінің арқасында «Бала дауысы» байқауы бес жыл қатарынан таланттарды танытып келеді. Өтінішті сайтқа ғана емес, WhatsApp нөмірге де жіберуге болады. Толық мәлімет байқаудың Инстаграм парақшасында.       

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде