{metadescription}
Бес ай бойы асқазанында бір келі темірмен жүрген азаматқа ота жасалды
Бес ай бойы асқазанында бір келі темірмен жүрген азаматқа ота жасалды

Бес ай бойы асқазанында бір келі темірмен жүрген азаматқа ота жасалды

Ақмола облысында хирургтар 41 жастағы азаматтың асқазанынан бір келіге жуық темір-терсек алды. Ол ішке жұтқан заттармен бес айы бойы жүрген.

Науқастың асқазанынан 120 дана бұрама шеге, магнит кесіндісі, тіпті тырнақ алатын қысқыш та шыққан. Бұған дейін талай «темір жұтқандарға» ота жасап жүрген дәрігерлер мұншалықты ауыр затты асқазанның қалай көтеріп жүргеніне қайран қалған. Ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген азамат еңбекпен түзеу колонияларының бірінен әкелініпті. Ол түрмеде отырып, өткен қараша айында қырлы шегенің бірден 100 данасын, кейіннен тағы 20 шақтысын жұтқан. Ол бұл әрекетін колониядан ауруханаға барып жатқысы келетінімен түсіндіріпті. Ал сонша шегені ішек бойымен таратпай, бір жерге жинап тұрған магнит екен. Науқас сол магниттің арқасында аман қалды.

Бауыржан Ахметов, Ақмола облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Асқазаны созылған, құрсақ жағына түсіп кеткен. Бүкіл темір терсек бір жерге түйін болып жиналған. Оның барлығы біздің ойымызша, магнит әсер еткен. Науқас бізде бір аптадай жатып шықты.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.