{metadescription}
Министр заң жобасына субсидиялауды доғаруды байқамай енгізіп жіберіпті
Министр заң жобасына субсидиялауды доғаруды байқамай енгізіп жіберіпті

Министр заң жобасына субсидиялауды доғаруды байқамай енгізіп жіберіпті

Заңға шатасып енгізген! Қаржы министрлігі бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша жаңа заң жобасына ауылдардағы стационарлық байланысты субсидиялауды доғаруды байқамай енгізіп жіберіпті. Білдей министрліктің бұл олқылығы Мәжіліс депутаттарының ашуын туғызды.

Осылайша ауылдық байланысты субсидиялау шектелмейтін болды. Алдағы үш жылға осы салаға республикалық бюджеттен 8 жарым миллиард теңге қарастырылған.

Төтенше жағдай режиміне байланысты байланыс және интернет қызметі былтырмен салыстырғанда 12,8 пайызға артқан. 2018 жылғы жоспар бойынша 1200 ауылға интернет тарту жоспарланса, бүгінде 607 ауыл ғаламтордың қызығын көріп отыр. Сондай-ақ мыңға тарта елді мекен осы жылдың соңына дейін интернетке қосылу мүмкіндігіне ие болады. Жалпы, әзірге 1178 ауылда интернет атымен жоқ – ел тұрғындарының бір пайызы ғаламторсыз отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде