{metadescription}
Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері шу шығарды
Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері шу шығарды

Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері шу шығарды

Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері шу шығарды. Медицина мамандары өздеріне пандемиямен күрес кезінде төленеді деген үстеме ақының аз болуына наразы. Әрі бұл ақшаны бәрі бірдей алмайды. Бұған ашуланған ақхалаттылар басшылардан жағдайдың неге бұлай болғанын түсіндіріп беруді талап етті.  

Оралбек Асылбекұлы, Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі:

 

- Біздің еңбегімізді бағалап, өмірін қатерге тігіп, осылай тәуекел етіп жүр деп ақша бөлді. Соны естіп қуанып, көңіл көтеріліп еді. Енді ол бізге берілмей жатыр.

Наразы топтың айтуынша, о баста басын қатерге тіккен жандарға қомақты қаражат беріледі делінген. Қазір бар болғаны 30 бен 60 мың теңге көлемінде ғана үстеме ақы үлестіріліп жатыр екен. Оның өзі бәріне емес. Денсаулық сақтау басқармасының басшылары: «Мұндай қаражат тек вирус жұқтырғандармен тікелей жұмыс жасағандарға төленеді» - дейді. Ал олардың тарапынан әзірге шақырту аз, сол себепті осындай жағдай туындаған көрінеді.

 

Қазір Маңғыстауда індетке шалдыққандарға баратын 46 бригада бар. Медицина мамандары арасында вирус тарап кетпес үшін осындай ықшамды топ жасақталыпты. Осы даудан кейін анықталғаны, аймақтағы 633 жедел жәрдем қызметкеріне екі айлық жалақы көлеміндегі сыйақы берілетін болыпты. Ол үшін облыс қазынасынан 78 млн. теңге бөлінген.

 

Гүлбибі Тасболатова, Маңғыстау облыстық ДСБ басшысының орынбасары:

 

- Бұл бір жолғы ғана төлемақы. Мыңғыстау облысының әкімі жедел жәрдем қызметкерлерінің үлесі өте жоғары болуына байланысты, соған қатысты осындай шешім шығарып, барлық қызметкерді екі окладпен марапаттуды ұйғарды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде