{metadescription}
Отандастар оралды: Өскемен, Петропавл, Ақтөбеге шетелден ұшақтар қонды
Отандастар оралды: Өскемен, Петропавл, Ақтөбеге шетелден ұшақтар қонды

Отандастар оралды: Өскемен, Петропавл, Ақтөбеге шетелден ұшақтар қонды

Шетелден келгендер шетінен карантиндік бақылауда жатыр. Олардан сынама алынып, тек бір ғана жолаушыдан вирус табылған. Енді қалғандарының жағдайы жақсы болса, үйіне оқшаулануға жіберіледі. Соңғы үш күнде өзге елде түрлі себептермен қалып қойған отандастарымызды мінгізген ұшақтар Өскемен, Петропавл және Ақтөбе қалаларына қонған болатын.

Таңнан бері Өскемендегі халықаралық әуежай қоршауға алынған. Беті-ауызын тұмшалап, арнайы қауіпсіздік киімін киген мамандар қаптап жүр. Бәрінің күткені 180 жолаушы мінген Боинг-757 ұшағы. Таиланд, Индонезия және Вьетнамнан жеткен жолаушылардың қатарында отандастарымыздан бөлек көршілес Ресей мен Қырғызстанның да азаматтары бар. Оларды ұшақ ішінен тексеріп, арнайы жабдықталған автобустармен тура карантиндік госпитальге жеткізді.

Марат Исмаилов, ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Ұшақта болған Ресей азаматтарын автобуспен бірден еліне қайтарамыз. Жолай еш жерге соқпай, көршілес мемлекетке жеткізеді. Ал Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары үш күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Сынама алынып, егер вирус табылмаса, үйіне оқшаулануға жіберіледі.  

Лондоннан оралған жерлестеріміз қазір Петропавлдағы қонақүйде жатыр. Тегін тамақ ішіп, дәрігерлер сағат сайын тексеруде. Ұлыбританиядан оралған 95 адамның бәрі бірдей солтүстік өңірінің тұрғыны емес. Сондықтан олардан вирус табылмаса, бүгін-ертең әркім өз жеріне қайтарылады.

Ақтөбеде де Варшавадан оралған 116 студент бірер күнде карантиндік госпитальден шығарылады. Олардың арасындағы тек 7-уі ақтөбелік, қалғандары еліміздің өзге өңірлерінің жастары. Әзірге ешқайсысынан вирус табылмапты. «Бірақ қауіп бар», - дейді мамандар.

Өйткені Польшадан ұшқан әуе кемесінде алғашқыда 149 студент болған. Олардың басым көпшілігі Ақтөбеден қалғанымен, 33 жолаушыны Шымкентке жеткізіпті. Солардың арасындағы бір студенттен коронавирус табылып отыр. Енді ұшақта оның қасында отырғандарға бақылау күшейтіліп, бірнеше рет сынама алынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде