{metadescription}
Күн сайын күш алған кеселдің кесірі кімге тиіп жатыр?
Күн сайын күш алған кеселдің кесірі кімге тиіп жатыр?

Күн сайын күш алған кеселдің кесірі кімге тиіп жатыр?

Елімізде коронавирустан көз жұмғандар саны 15 ке жетті. Бүгін Қостанай облысында тағы бір науқас жұқпалы індеттен жан тапсырды. 75 жастағы марқұм он күн бойы ауырып жүрген екен. Бірақ жаны қысылғанда ғана дәрігерге жүгінген. Жалпы, бұл індет жас талғамайды. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бір жасқа толмаған шақалақтан да коронавирус анықталды. Бейкүнә сәби қауіпті кеселді ауру адамнан жұқтырып алыпты. Бес айлық нәрестенің анасы да індетке шалдыққан.

Күн сайын күш алған кеселдің кесірі кімдерге тиіп жатыр?

Еліміздегі ауру ең аз таралған аймақта алғашқы өлім-жітім тіркелді. Бүгін Қостанай облысының 75 жастағы тұрғыны коронавирустан көз жұмды. Қария 5-ші сәуірден бері сырқаттанып жүрген екен. Бірақ дәрігерге бармай, өз бетінше емделген. Алайда үш күн бұрын дене қызуы көтеріліп, тынысы тарылған зейнеткер жедел-жәрдем шақыртқан. Ал кеше жағдайы күрт нашарлап, тыныс алу аппаратына қосылыпты. Бірақ ақсақалды ажал аузынан арашалап қалу мүмкін болмады. 

Марқұмның әйелі де кесел жұқтырған. Ол Жітіқара ауруханасында жатыр. Ал Ақтөбеде коронавирус жұқтырған азаматқа қылмыстық іс қозғалды. 38 жастағы науқас карантин кезінде қайын жұртына қонаққа барып, ата-енесіне бәле жұқтырыпты. Ал олар қаланың қақ ортасындағы супермаркетке барып тұрған. Қазір ол супермаркет те, ерлі-зайыпты тұрған үйдің подезді де жабылды. Енді қайын жұртына қауіпті індет жайған жігіт ауруханадан шыққан соң жазаға тартылатын болады. Оның келіншегі мен баласы да коронавирустан емделуде.

Әсет Қалиев, Ақтөбе облыстық ДСБ басшысы:

- Бірінші сәуір күні осы ата-анасының үйіне әкеліп, өзінің заттарын тастап кеткен. Енді, мінекей, 14 тәулікте өзінің анасы ауырып отыр. Ондай лабораториялық ділелдемеден кейін қасындағы енді әкесінен алған кезде одан да осындай диагноз анықталып отыр.

Батыс Қазақстан облысында індет жұқтырған алты адам анықталды. Олардың бесеуі көрші Ресейден келген екен. Сол жақта жұмыс істейтін отандастарымыз 14 наурыз күні Тасқала бекеті арқылы елге кірген. Ол кезде ешқандай ауру белгілері байқалмапты. Бірақ карантинде жатқан кезінде тест нәтижелері кесел жұқтырғанын көрсеткен. Жұқпалы індеттің жас талғамайтыны анық. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бір жасқа толмаған шақалақтан коронавирус анықталды. Сондай-ақ елордадағы «Шарапат» қарттар үйінің 7 қызметкерінен ауру белгілері байқалған. Бұл кеселдің қарияларға қорғасындай ауыр тиетінін ескерсек, осы орталықтағы 300-ден астам зейнеткердің денсаулығына алаңдауға негіз бар.

Әлия Рүстемова, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Кеше осы орталықтың 33 қызметкерінен тест алғанбыз. Соның нәтижесінде 7 азаматтан вирус анықталды. Ал бүгін қалған 48 қызметкер мен 302 зейнеткерден сынама алынды. Өйткені бұл орталықта негізінен алпыстан асқан қарт кісілер мекендейді. Олардың ауру жұқтыру қаупі өте жоғары.

Иә, кесел күн сайын кеулеп барады. Мәселен соңғы бір тәулікте қауіпті індетке 111 адам душар болған. Әдеттегідей сүреңсіз статистиканы Алматы бастап тұр. Бұл шаһарда тіркелген науқастардың тең жартысын дәрігерлер мен әскерилер құрайды.

Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы. Дәл осы қос шаһарда елден бұрын күшейтілген карантин жарияланғанымен, жағдай мәз емес. Жалпы дәл осы сәтке дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1290 ке жетті. Ал 240 адам дертіне дауа тапқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде