«Birgemiz» мұқтаж жандарға кезекті төлемді мамырда береді
«Birgemiz» қоры мұқтаж жандарға кезекті төлемдерді мамыр айында жасайды. Ал бүгінге дейін 50 мың теңге көлеміндегі көмекті 152 мыңнан астам отбасы алып үлгеріпті. Қорға қалталы кәсіпкерлердің тарапынан 20 миллиард теңгеге жуық қаржы құйылған екен.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
15.04.2020
«Birgemiz» қоры Елбасының бастамасымен наурыздың 20-да құрылған еді. Сол кезде үндеуге құлақ асып, қорға қаржылай демеу білдірген кәсіпкерлерге Нұрсұлтан Назарбаев алғысын білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті:
- Менің тапсырмаммен «Нұр Отан» партиясы мынадай жағдайда өте мұқтаж азаматтарымызға көмектесуге жұмыс жасап жатыр. «Birgemiz» деген қор ашып, сол арқылы таратып жатырсыңдар. Партияға халықтың сұрауы, жүгунуі көбейіп келе жатыр, барлық жерде. Халықпен бірге болған өте қиыншылық жағдайда «Нұр Отанның» және «Жас Отанның» жасап жатқан үлкен шаруалары бар .
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!