{metadescription}
Ғалымдар Қазақстанда COVID-19 вакцинасын жасаудың жолын көрсетті
Ғалымдар Қазақстанда COVID-19 вакцинасын жасаудың жолын көрсетті

Ғалымдар Қазақстанда COVID-19 вакцинасын жасаудың жолын көрсетті

Коронавирус кезіндегі конференция. Тұңғыш президент қорының қолдауымен III Орталық Азиялық тұрақты даму және инновация ғылыми форумының аясында онлайн сессия өтті. Ғаламтордағы басқосуға Ұлыбританиядағы PhD қауымдастығының атынан жас ғалымдар қатысты.

Невролог, хирург, офтольмологтар медицина саласында өздері зерттеген, жинаған еңбегімен бөлісті. Сонымен қатар сессиядағы сүйекті әңгімеге Қытайда оқитын қазақстандық студенттер де қосылып, өз жобаларын таныстырды. Талқыланған тақырып сан алуан. Негізінен қазіргі медицинаны жетілдіріп, одан әрі дамытуға қатысты әркім өз зерттеуін жіліктеп түсіндірді. Алдағы уақытта да Тұңғыш президент қорының мұрындық болуымен, Ұлыбританиядағы қазақстандық жас ғалымдардың қатысуымен осындай шара жалғасын табады.

Рауан Қайыржанов, невролог:

- Осы сессияның басты маңыздылығы – қазақ жастарының әлем мәселелерін шешуге ат салысып, аталмыш мәселелерді шешу жолдарын тауып және презентация түрінде халыққа көрсету. Екіншіден, бірқатар ғалымдар бүгін Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаны қалай жасауға болатынын көрсетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.