{metadescription}
Коронавирустың жаңа белгісі пайда болды
Коронавирустың жаңа белгісі пайда болды

Коронавирустың жаңа белгісі пайда болды

Коронавирустың жаңа белгісі пайда болды. Ол дене қызуы, жөтел, демікпе де емес – башпайға шығатын бөртпе. Испания мен Италия дәрігерлері осындай болжам жасап отыр. Олардың айтуынша, қауіпті кеселдің бұл белгісі науқастың барлығынан бірдей анықталмаған. Алайда жастар мен ересектер арасында кездесетін ауру түрінің алғашқы кезеңі екенін ескертіп, алдын алуға шақырады.

Ал Еуропаның кейбір елдерінде жұқпалы дерттен сақтану үшін түрмедегі тұтқындардың көбі мерзімінен бұрын босатылып жатыр.

Бүгінде Италия мен Испания ауруы асқынған елдердің алдыңғы қатарында тұр. Қос мемлекетте көз жұмғандар саны да күннен күнге көбейіп барады. Мұндағы дәрігерлер COVID-19-дың тағы бір белгісін ұсынды. Италияда әр бесінші науқастың башпайына қызыл бөртпе шыққан екен. Бұл қызылша мен шешекке ұқсайды. Сондай-ақ, ол қауіпті кеселдің алғашқы кезеңі деген болжам айтып, ертерек дәрігерге қаралу керегін ескертеді.

Ал Еуропаның кейбір елдерінде түрмедегі тұтқындардың көбісінің айы оңынан туып, мерзімінен бұрын босатылатын болды. Биліктегілер қауіпті вирусты бәсеңдетудің тағы бір жолы осы екенін айтқан.

Марк Хэркест, Түрме қызметкерлері кәсіподағының төрағасы:

- Түрме жабық мекеме, шектеулі аймақ. Тар дәліздер мен кішкентай бөлмелерде ара қашықтықты сақтау мүмкін емес. Талап бәріне бірдей. Бұл істі қандай да бір жолмен жеңілдетеді және жеделдетеді деген үміттеміз

Ұлыбритания үкіметі төрт мыңға жуық тұтқынды темір тордан шығаруды көздеп отыр. Алайда бұған біршама уақыттың қажет екенін айтуда.

Люси Фрейзер, Ұлыбританияның Түрме істері жөніндегі министрі:

- Өткен аптада түрмеден 4 адам шығарылды. Ал алдағы күндері бұл санның едәуір көбейетін түрі бар. Қазір оларға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Біз олардың қоғамға қауіп төндірмейтініне көз жеткізуіміз керек.

Дүниежүзін дүрліктірген дертті тоқтату мақсатында бірнеше ел осындай шешімге келген. Олардың қатарында Франция, Германия, Грекия бар.

Бүгінде кеулеген кесел әлем бойынша 2 млн-нан астам адамға жұғып үлгерді. Оның 138 мыңнан астамы көз жұмса, жарты миллионнан астам науқас індеттен айықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде