{metadescription}
Жалған анықтама сатқан Қарағанды тұрғынына қылмыстық іс қозғалды
Жалған анықтама сатқан Қарағанды тұрғынына қылмыстық іс қозғалды

Жалған анықтама сатқан Қарағанды тұрғынына қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда карантин кезінде жүріп-тұруға рұқсат беретін жалған анықтама жасады деген күдікпен бір адам ұсталды. Қала тұрғыны аз уақыттың ішінде осындай анықтамалардың 50 данасын сатып үлгеріпті.

39 жастағы азамат өзі қолдан әзірлеген әр анықтаманы 5 мың теңгеден саудалаған. Кезекті келісім үстінде қолға түскен ол осындайдың 50 шақтысын сатқанын айтады. Алайда онысы бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі, қазір үйінде қамалып қалған қарашаға мұндай анықтамалар ауадай қажет екені айтпаса да түсінікті дейді тәртіп сақшылары. Жолдағы тексеріс кезінде күдік тудырған анықтаманы зерделей келе, полиция осы жігіттің ізіне түскен. Енді қарбаласта қалтасын қампайтпақ болған азамат екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңатай Сембеков, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

Карантин кезінде жүруге рұқсат беретін жалған анықтама сатқан Қарағанды қаласының тұрғынын полиция қызметкерлері құрықтады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы, 1-ші тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде