{metadescription}
Covid-19: Жаппай экспресс-тестілеуде 145 адамның қаны теріс нәтиже көрсетті
Covid-19: Жаппай экспресс-тестілеуде 145 адамның қаны теріс нәтиже көрсетті

Covid-19: Жаппай экспресс-тестілеуде 145 адамның қаны теріс нәтиже көрсетті

Қазақстанда коронавирусқа жаппай тексеру басталды. Індетті «жұқтыруы мүмкін» деген тоғыз мың адам экспресс-тесттердің көмегімен тексерілген. 145 адамның қаны теріс нәтиже көрсетіпті. Олар тағы да тексерістен өтеді. Мұндай ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі растап отыр. «Вирусқа тексерілемін» деген азаматтардың тізімі кеңейді. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматыда тәулігіне 10 мың адамнан сынама алынбақ.

Алматылық Рауан Қуаныш – коронавирусқа тексерілгендердің бірі. Қыс айында екі рет тұмаумен қатты ауырыпты. Университетте жұмыс істейтін ол бастапқыда экспресс-тесттен өтуге қорыққан. Кейін Covid-19дың белгілері тұмау, жөтел, тамақтың қышуы екенін естіген соң, күдік туған.  

Рауан Қуаныш, Алматы қаласының тұрғыны:

- Жалпы процедура микрореакцияға қан алу процесіне ұқсас болды. Саусақ тесіліп, одан қан алынды. Осы наурыз айының басында өзімнің байқағаным, таныстарым мен достарымның арасында тұмаумен ауыратындар көбейіп кетті. Және дүниежүзінде коронавирус таралғандықтан, өзім осы тестіні тапсыру артық болмайтын шығар деп ойладым.

Бүгінде жедел респираторлық инфекция жұқтырғандар ғана емес, бұл тестті дәрігерлер, тәртіп сақшылары, коммуналдық қызмет өкілдері, азық-түлік дүкеніндегілер тапсыра алады. Алдымен электронды түрде анкета толтыру керек. Әр өтініш жеке қаралғаннан кейін кімнің тапсыратынын эпидемиологтар шешеді. Бірақ, бір ескерерлігі, экспресс-тесттер тек ауруы ықтимал дген сырқаттарды анықтап береді екен.

Арнұр Нұртаев, «Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директоры:

- Экспресс-тесттердің өзі анализ арқылы 80-90%-ке дейін қандай иммуноглобиндердің барын анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, ағзасы өздігінен жеңгендерді ғана көрсете алады. Дәрігерлер оны әрі қарай зерттеуге алады. Ал вирустың бар-жоғын арнайы зертханаларға барып, ПТР тестін тапсырғанда ғана білуге болады.

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы деректеріне сәйкес, қос астанада індетті жұқтыруы жоғары санатқа жататын азаматтар арасында тоғыз мыңдай экспресс-тест қолданылған. Оның ішінде коронавирусты ағзасы өздігінен жеңген 145 адам анықталды.

Министрлік бір күнде 10 мың қазақстандықтан сынама алуды бастап кетті. Ал жаппай коронавирусқа тексерілудің негізгі мәні: қазір елімізде кеселдің шарықтаған шағы. Аурудың таралуына байланысты, медициналық қызметкерлер эпидемияға қарсы күшейтілген режимге ауысты. Елімізде 264 мың Қытайдан әкелінген экспресс-тест бар, барлығы меценаттардың қаржысымен сатып алынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.