{metadescription}
Карантинде теннис ойнаған банкирге сот шешімі шықты
Карантинде теннис ойнаған банкирге сот шешімі шықты

Карантинде теннис ойнаған банкирге сот шешімі шықты

Көкшетауда банкир қамауға алынды. Ұлттық банктің Ақмола облыстық филиалының директоры Виталий Чеусовті төтенше жағдайда карантин тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік сот үш тәулікке абақтыға жапты.

Теннис ойнаймын деп басы бәлеге қалған  Виталий Чеусов ғимарат ішінде ұжымдық кездесуді өзі ұйымдастырған. Стол теннисіне жиналған қарамағындағы 8 адамда бетперде де болмаған. Және де банкир банктер жұмыс уақытын бір жарым сағатқа қысқартқанына мән бермеген. Ол өзіне сеніп тапсырылған жауапты лауазымына қарамастан, қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндірген делінді сотта. Әкімшілік құқықты өрескел бұзғаны үшін сот Виталий Чеусовты үш тәулікке қамауға алуға шешім шығарды. Бірақ, ол шешіммен келіскен жоқ.

Виталий Чеусов, Ұлттық банктің Ақмола филиалы директоры:

- Бұл маған қасақана қарсы жасалған қастандық. Банктен қызметтен кеткендердің аяқтан шалуы. Олар қарамағымдағы қызметкерлерден ақпарат алған болып отыр. Әйтпесе рейд кезінде комиссия банктің қай бұрышында жиналғанымызды қайдан білді? Олар бірден сол залға кіріп келді.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.