{metadescription}
Жаппай жазалау: Полицияға қыр көрсететіндердің қылығы
Жаппай жазалау: Полицияға қыр көрсететіндердің қылығы

Жаппай жазалау: Полицияға қыр көрсететіндердің қылығы

Алматылық полицейлер карантинде бейсауат жүргендерді жаппай жазалауға көшті. Алғашында ескертумен шектелетін тәртіп сақшылары енді себепсіз серуендейтіндерге «аяушылық болмайды» деп отыр. Соған қарамастан, карантиннің күшейтілген режимі басталғалы ережені елемеген 719 адам жауапқа тартылған. Полицияға қыр көрсететіндердің қылығына тілшіміз куә болды.

Алматыда қауіпті кесел кеулесе де көшеде бей-берекет жүретін жұрттың қарасы азамай тұр. Бүгін адам көп шоғырланған орындар мен көшелерді тәртіп сақшыларымен бірге араладық. Планшет ұстаған учаскелік полицейлер жаяу жүргендерді тоқтатып, тексеріп жатты. Байқағанымыз, себепсіз серуейтіндер сан мың сылтау айтып сытылуға тырысады екен.

- Түсініңіз, жұмысымды жауып тастады. Жалға алған үйімнің ақшасын төлеуім керек. Ақшам жоқ. Құр қол отырғым келмейді.  

Алайда полиция қызметкерлері рұқсатсыз көше кезгендерді аяған жоқ. Бірден бөлімшеге алып кетті. Арасында полицейлерді көре сала, алды-артына қарамай қашқандары да бар. Олар бұл әрекеттерін былай түсіндірді:

Түсінеміз, жақын жерде тұрасыздар. Бірақ қашуға болмайды. Біздің баламызда маска жоқ қой.

Рейд барысында карантин тәртібін бұзғандарын біле тұра, полицияға бағынбай қыр көрсеткендері де кездесті. Мәселен, бұл жігіттер тәртіп сақшыларына зекіп, «аға-көкесімен» қорқытып әлек.

- Қазір танысым осы жерге келеді.  

Танысыңыз кім?

Қазір көресіздер. Сізбен сол кезде сөйлесемін.

Шаһарда ережені елемейтін есерлер жетіп артылады. Мәселен, күні кеше ғана полиция қызметкерінің жағасына жармасып, қарсылық білдірген тентектердің видеосы әлеуметтік желіге таралған еді. Қамауға алынған осы үш азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

Карантин басталғалы 17 рет полиция қызметкерлерін соққыға жықты. Талапқа бағынбай, аяғын көлікпен мыжыған кездер де болды. 28 наурыздан бастап 719 адам көшеде бей-жай жүргендері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 179 соттың шешімімен әкімшілік қамауға алынып, қалғандары айыппұл төлейтін болады.

Жалпы, Алматыда жаяу патрульге полиция, ұлттық ұлан сарбаздары мен әскери оқу орнының курсанттары жұмылдырылған. Олардың жалпы саны 3 мыңнан асады. Қоғамдық тәртіпті қадағалайтындар көшеде бейсауат жүретіндерге жаза қатал екенін тағы бір мәрте ескертіп отыр. Сондықтан жұртқа үйден шықпауға кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде