Қасым-Жомарт Тоқаев нағыз патриоттың қандай болатынын айтты
Президент нағыз патриоттың қандай болатынын айтты. Елордада аумақтық қорғаныс бригадасымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев отанды құр сөзбен ғана сүймеу керек деді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
16.04.2020
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Қазіргі таңда «біз Отанды сүйеміз», «біз патриотпыз» деп айтатын адамдар пайда болып жатыр. Бірақ нақты іске келгенде осы адамдар бұғып қалады. Ал сіздер еліміз, Отанымыз үшін өз еріктеріңізбен осында қызмет етуге келіп отырсыздар.
Президенттің әскери қызметкерлермен кездесуі елорда әкімдігі жанындағы алаңда өтті. Ал бас шаһардың әкімі мүмкіндікті пайдаланып, Тоқаевқа Нұр-Сұлтандағы қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді. Есеп беру кезінде шенеуніктер қажетті арақашықтықты сақтауға тырысқанымен, сәлден соң, ережені ұмытып та кетті. Президент дезинфекциялау жұмыстарына ерекше мән беруді тапсырды. Мұндай жұмыстар әсіресе ірі қалаларда кең көлемде жүргізілуі керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!