COVID-19: Алматыдағы індет ошақтары бір тәулікте 100-ден асты
Алматыда індет ошақтары да күн санап көбейіп жатыр. Небәрі бір тәуліктің ішінде саны 100-ден асты. Барлығы дерлік көпқабатты тұрғын үйлер.
Автор: Аруна Ортай
16.04.2020
101 ауру ошағының 25-і Әуезов ауданынан анықталып отыр. Одан кейінгі орында Бостандық пен Алатау аудандары – 18 және 15 ауру ошағы. Алмалы ауданында – 13. Медеу, Жетісу, Түрксіб, Наурызбай аудандарында – 7-8-ден.
Ауру ошақтарының арасында Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жатақханасы да бар. Қазір студенттер үйіне құлып салынды. Карантин аяқталмайынша, жатақханадан ешкім аттап басып шыға алмайды. Қаланың қақ ортасындағы «Еуразия» тұрғын үй кешенін де тым-тырыс. Бірнеше үйден тұратын үлкен кешеннің бір пәтерінен ауру табылған. Енді тұрғындары жаппай далаға шығудан бас тартып, үйінде отыр. «Зерделі» ықшам ауданының аулаларында да қыбыр еткен жан жоқ. Мұнда бес бірдей үйден індет шықты. Науқастар тұрған барлық пәтерлердің кіреберісін тәртіп сақшылары күзетіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!