{metadescription}
0:000:00
ШҚО: Қызметтік көлікке берілген рұқсат қағазды қолдан жасап, жеке мақсатына пайдаланған  

ШҚО: Қызметтік көлікке берілген рұқсат қағазды қолдан жасап, жеке мақсатына пайдаланған  

Шығыс Қазақстан обылысында қызметтік көліктердің жүріп-тұруына берілген рұқсат қағазы жаппай тексеріліп жатыр. Өйткені оны қолдан жасап алғандар мен жеке мақсатқа пайдаланып жүрген жұрттың қатары артқан.

Өскемен мен Семейдің полицейлері екі күннің ішінде көлікке берілген 200-ге жуық рұқсат қағазды тәркіледі. Олардың ішінде қызметтік көлікке берілген қағазды жабыстырып таксист болып жүргендердің қатары көп. Осылайша жұрт қағазда көрсетілген оның жүру бағытын елемеген. Және анықтаманы қолдан жасап алған бір жайт тіркеліпті. Қазір тәртіп сақшылары тәркіленген рұқсат қағаздарын түгелдей қос қаланың жергілікті билігіне жолдады. Енді оны жұрттың қалай және қандай мақсатқа алғаны тексеріліп жатыр. Егер заң бұзушылық анықталған жағдайда, күдікті құжат иесі әкімшілік жауапқа тартылады.

Бауыржан Садақбаев, Семей қалалық ПБ бастығының орынбасары:

- Бүгін шешім қабылданатын болады. Жүргізуші тарапынан заңбұзушылық анықталса, іс әкімшілік сотқа жолданады. Әкімшілік кодекстің 476-бабына сәйкес,жүргізушіге айыппұл салынады. Не болмаса ол қамауға алынады. Бұл жазаны әкімшілік сот тағайындайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.