Оралдағы көңілді отырыстан жатақхана өртенді
Орал қаласында тоғыз қабатты жатақхана отқа оранды. Мұнда көңілді отырыс болған бір пәтерден шыққан өрт салдарынан барлық тұрғындар дүрлігіп қалды.
Автор: Әсем Қабылбек
17.04.2020
Құдай сақтап, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар ғимараттан 119 адамды дереу қауіпсіз жерге шығарған. Оның 43-і – кішкентай балалар. Тілсіз жауды өшіруге барлығы 32 адам мен 9 техника жұмылдырылды. Қазір оқиғаның нақты себебі анықталды: 6-шы қабатта тұратын пәтер иелерінің бірі көңілді отырыс ұйымдастырып, алкогольдік ішімдік ішкен.
Жасұлан Жұмашев, БҚО төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
- Өрт орнында өрт сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр. Қазір бүкіл құжаттың барлығын өткізген іс-шараларымызбен талдауын шығарып, құқық қорғау органдарына бердік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!