Ақтөбе әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға неге алынды
Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары екі айға қамауға алынды. 41 жастағы Жангелді Әубәкіров ірі көлемді ақша жеді деп айыпталып отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
17.04.2020
Шенеунік тергеу аяқталғанша абақтыда отырады. Судья оған екі айға санкция берген. Тағылған айып та ауыр. «Өзгенің мүлкін иемденіп немесе талан-таражға салды» - дейді прокурорлар. Экс-орынбасар тұрғын үй, комуналдық-шауаршылық бөлімінің басшысымен бірге жаңажылдық безендіруге бөлінген қазынаның 80 миллион теңгесін қалтасына басқан көрінеді. Бюджеттен осыншама ақша қарастырылғанымен, қалаға шырша орнатып, әсемдеуді кәсіпкерлердің мойнына жүктеген делінеді. Бірақ ол кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.
Жангелді Әубәкіров Ақтөбеге дейін Ақтау қаласының әкіміне де орынбасар болған. Ал соңғы қызметіне тағайындалғанына небәрі тоғыз ай болды. Ол Ақтөбенің құрылысы мен комуналдық-шаруашылығына жауап берді. Әкім орынбасары әдеттегідей қызметінен бір апта бұрын, «өз еркімен» кетіпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!