«Болашақ» бағдарламасы: Жеңілдік тек ауылдықтарға қарастырылады
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты болу үшін енді үміткерлер шетелдік оқу орындарына өз күшімен түсуі керек – квоталық үміткерлер саны қысқарады. Жеңілдік тек ауылдықтарға қарастырылады.
Автор: Ербол Тұрымбет
17.04.2020
Халықаралық білім бағдарламасына үміткерлерді іріктеу ережесі биыл айтарлықтай өзгертілген. Жаңа ереже бойынша, енді үміткерлер құжаттарын электронды үкімет порталы арқылы тапсырады. Конкурстық іріктеу кезеңі алтаудан үшеуге қысқарған. Мотивациялық және ұсыныс хаттарын бағалау, мемлекеттік тіл мен шет тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тестілеу болмайды. Ондай тестілеуден енді үміткер өзі өтіп, нәтижесін алып келуі керек. Үміткерлер тәуелсіз сарапшылармен онлайн сөйлеседі. Сондай-ақ, академиялық тілдік дайындық курсына да тек ауылдан келген үміткерлер жазыла алады. Оның өзінде бұрынғыдай 1 жыл емес, жарты жылға қысқарған.
Айгүл Кәрібозова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:
- «Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу ережесінің жобасы Үкімет деңгейінде мақұлданудың соңғы сатысынан өтуде. Жуырда Үкіметтің қаулысымен бекітілуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!