{metadescription}
0:000:00
Мұғалім телеарнадағы бейнесабақта қате білім берген

Мұғалім телеарнадағы бейнесабақта қате білім берген

Телеарнадан көрсетілетін бейнесабақтарда оқушыларға қате білім берілген! Эфирден көрсетілген 4-ші сыныптарға арналған қазақ тілі сабағында мұғалімнің өзі сөйлем мүшелерін ажырата алмай, бастауыш пен анықтауышты әбден шатыстырса, 1-ші сынып оқушыларына түсірілген сауат ашу видеосабағында дәріскер сөзді буынға бөле алмапты. Бұл сорақылыққа бүгін Білім және ғылым вице-министрінің ел алдында кешірім сұрауына тура келді. Онлайн оқытудағы олқылық туралы:

Бұл – телеарна арқылы көрсетілген 4- сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен бейнесабақтардың бірі. Онда мұғалім оқушыларға сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтауды үйретуі тиіс болған. Дәріскер тақырыпты жіті түсіндіріп болған соң, білім алушыларға қорытынды тапсырма береді. Алайда оның жауабынан өзі шатасып, масқара болыпты.

- «Жақсы сөз жан семіртеді» деген сөйлемде, жақсы – бастауыштың қызметін атқарып тұр екен.

Орынай Жұбай, филология ғылымдарының докторы:

Дәріс беріп тұрған адамның өзі онша түсінбей тұр, не айтып тұрғанын. Себебі, «жақсы сөз» дегенді алды да, бірден бастауыш дей салды. Ал енді жақсы сөзқандай сөз жан семіртеді? Бұл жерде ол ешқандай бастауыш бола алмайды. Қандай дегеннен кейін ол анықтауыш болуы керек.

Мұғалім осылай өзі ұсынған бес сөйлемнің бәрінде сын есімнің қызметін дұрыс таппай, оқушыларды әбден шатастырған.

- «Айжан сабақты жақсы оқиды». Анықтауыштың қызметін атқарып тұр, «жақсы» деген сөзде. Қалай оқиды? Жақсы оқиды.

Орынай Жұбай, филология ғылымдарының докторы:

- «Айжан сабақты жақсы оқиды». Осы жерде дәріскер өзі «қалай оқиды?» деп сұрақ қойып тұр. «Қалай?» деген сұрақ пысықтауыштың сұрағы. Бірақ, анықтауыш дей салды.

Сөйтсек, өрескел қателер мұнымен бітпейді екен. Республикалық телеарналардан көрсетілген 1-сыныптарға арналған сауат ашу бейнесабағында да оқытушы тарапынан олқылық кеткен. Мұнда мұғалім сөзді буынға бөле алмапты.

- «Ананас» деген сөзінде де екі буын бар, себебі, екі дауысты дыбыс бар. 

- Әй, өтірік айтпа, 3 буын бар.

Білім және ғылым министрлігіндегілер бұл сорақылықтан «хабардармыз» деп отыр. Сөздеріне сенсек, екі аптада түсірілген 700 телевизиялық сабақта осыдан басқа бұрыс ақпарат жоқ. А, қателіктер онлайн оқытуға дайындық аз болғандықтан орын алған. Осылай ақталған Білім және ғылым вице-министрі бүгін ел алдында кешірім сұрады.

Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Қашықтан оқыту барлығымызға бір мезетте келді, оған, әрине, мұғалімдер де дайын болмады, бұған мектептер де дайын емес болды. Сол орайда мұғалімдердің қобалжуы да көрінді. Осы жіберілген қателер үшін біз  кешірім сұраймыз. Барлық қоғамнан, біріншіден, ата-аналардан, балалардан.

Қателік өріп жүрген бейнесабақтар қазір өшірілген. Әрі қайта түсіріліп, дұрыс нұсқасы ютуб желісіне жарияланыпты. Жауапты ведомство енді мұндай олқылықтың болмауына талапты күшейткен. Яғни, бейнесабақтардың тексерісін «үш есе арттырдық» деп отыр. Ал филологтар бұл іске асқан жауапкершілікпен қарауға кеңес береді. Өйткені болары болып, бояуы сіңген соң, сабақ өшірілгенімен, оқушы ақпаратты сол сәтте қабылдап алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.