{metadescription}
0:000:00
«Бек Эйр» ақыры сертификатынан айырылды

«Бек Эйр» ақыры сертификатынан айырылды

Басынан дау арылмаған «Бек Эйр» әуе компаниясы ақыры сертификатынан айырылды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бұл компанияның жұмысын тоқтатып, иелігіндегі тоғыз «Фоккер» әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификаттарын қайтарып алған.

Өйткені әуе компаниясының басшылары тексеріс кезінде анықталған заңбұзушылықтарды қалпына келтірмеген. Естеріңізде болса, 27-ші желтоқсанда Алматы маңында «Бек Эйр» ұшағы құлап, 12 адам көз жұмған болатын. Осыдан кейін арнайы комиссия компанияның қызметін тексерді. Нәтижесінде ұшақтардың тым ескі, доңғалақтары желінген, қозғалтқыштарынан май ағып тұрғаны анықталған. Тіпті жолаушы өміріне салғырт қараған басшылық әуе кемесінің жыртығын скотчпен жабыстырып қойғаны да белгілі болған. Осы олқылықтарды қалпына келтіруге уақыт берілген еді. Бірақ оған пысқырмаған «Бек Эйр» компаниясы енді жолаушы тасымалдауға жіберілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде