{metadescription}
0:000:00
«МИГ-31» апаты: Үшқыштар ұшақты елді мекенге түсірмей, далаға құлатқан

«МИГ-31» апаты: Үшқыштар ұшақты елді мекенге түсірмей, далаға құлатқан

Қазақстанда «МИГ-31» ұшақтары уақытша көкке көтірілмейді. Қарағандыдағы апат себептері анықтауға кіріскен арнайы комиссия рұқсат бермейінше, жойғыш әуе кемелері ұшпайды. Ал ұшақтан секіріп үлгерген екі ұшқыш түрлі жарақатпен ауруханада жатыр. Әскери басшылық ұшақты елді мекенге түсірмей, далаға құлатқан оларды әзірге мақтан тұтып отыр. 

Бір қозғалтқышы отқа оранған «МИГ-31» ұшағы Қарақұдық ауылы маңындағы қыстаққа шамамен 500 метр жетпей құлаған. Жойғыш әуе кемесі апатынан кейін далада жатқан екі ұшқыш бірден Қарағандыдағы медицина орталығына тікұшақпен жеткізілді. Түрлі дене жарақатын алған ұшқыштардың жағдайы орташа. Ал жерге құлаған кезде өртенген «МИГ-31» түн жарымда сөндірілді. Оқиға орнына әскери қолбасшылар да жеткен. Олардың айтуынша, шыққанына 29 жыл болған ұшақтың техникалық жағдайы жақсы болған. Осыдан жеті жыл бұрын күрделі жөндеуден өтіпті. Ал тізгіндегі подполковниктер Арман Құрманғалиев пен Иван Гаврилко білікті ұшқыштар екен. Бірақ әуе күштері қолбасшысы апатқа себеп боларлық барлық болжам «жіті тексеріледі» дейді.

Нұрлан Орманбетов, ҚР ҚШ Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы:

- Қазір бірнеше болжам айтылып жатыр. Олар сыртқы факторлардың әсері, техникалық ақаулар және адами фактор. Комиссия мүшелері осы болжамдарды толық зерделейді. Желіде тараған түрлі алып қашпа әңгімелерге сенуге болмайды. Біз тек комиссия мүшелігіндегі білікті мамандардың қорытындысына ғана сүйенеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде