{metadescription}
0:000:00
Семейде қос қабатты баспана өртеніп, 11 отбасы далада қалды 

Семейде қос қабатты баспана өртеніп, 11 отбасы далада қалды 

Семейде қос қабатты баспана өртеніп, 11 отбасы далада қалды. Жұрт бала-шағасымен оттың ортасынан терезеден әрең шыққан. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Қазір олар мектептердің бірін уақытша паналауда. Жергілікті билік те ешкімді далада қалдырмаймыз деп отыр.

Түн жарымда қос қабатты баспананың шатырынан шыққан от әп-сәтте өршіген. Тілсіз жау үйдің ішіндегі ағаш баспалдаққа дейін шарпыған. Бас-аяғы 20 минутта шатырдың да, баспалдақтың да түгі қалмаған. Абырой болғанда сол сәтте шырт ұйқыда жатқан жұрт дін аман. Көрші-қолаң бірін-бірі оятып, терезеден қашып шығыпты.

Қайрат Сейтнасимов:

- Төсек жаймасын байлап, терезеден екінші қабаттан жерге түстік. Бір-бірлеп. Бірінші үлкен қызым, артынан немерем түсті. Кішкентай қызым құлап, аяғын ауыртып алды. Одан кейін әйелім түсті. Ең ақыры өзім түстім.

11 отбасы осылайша далада қалды.  Қазір зардап шеккендер жергілікті мектептердің бірін паналауда. Ал әзірге ырық бермей, 250 шаршы метрді шарпыған қызыл жалынның неден тұтанғаны белгісіз.

Думан Икенов, Семей қалалық ТЖБ қызметкері:

- Қазір өрттің шығу себептері анықталуда. Сондай-ақ, өртті ауыздықтауға 10 арнайы техника және 36 жеке құрам қатысты. 11 отбасына жергілікті билік тарапынан уақытша тұратын орынмен тамақтандыру мәселесі шешілді.

Жергілікті шенеуніктер ешкімнің далада қалмайтынын жеткізді. Олар қарашаның өртеніп кеткен баспанасын аз уақыт ішінде қайта қалпына келтіріп беруге уәде етті. Қазір өрттен келген шығын есептеліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде